---
title: "Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы 150 мың АҚШ доллары ақшалай сыйақыға ие болады"
description: "Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы чемпион белбеу мен алтын «Тайтұяққа» және 1..."
author: "naizagai"
published: "2014-06-11T03:28:22+00:00"
modified: "2014-06-11T03:28:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-k-resinen-aza-stan-barysy-turnirini-zhe-impazy-150-my-a-sh-dollary-a-shalay-syya-y-a-ie-bolady-417594"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-k-resinen-aza-stan-barysy-turnirini-zhe-impazy-150-my-a-sh-dollary-a-shalay-syya-y-a-ie-bolady-417594/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы 150 мың АҚШ доллары ақшалай сыйақыға ие болады

> Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы чемпион белбеу мен алтын «Тайтұяққа» және 1...

**Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы чемпион белбеу мен алтын «Тайтұяққа» және 150 мың АҚШ доллары ақшалай сыйақыға ие болады**

29 маусым Астана күні қарсаңында Ұлт Көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне қазақ күресінен «Қазақстан барысы» бірегей жобасының төртнінші маусымының ақтық сайысы өтеді.

«Қазақстан барысы» алғаш рет Астанада сыйымдылығы 4000 адамдық «Дәулет» спорт кешенінде өткізілген. Кейіннен спорт додасына қызығушылық артқандықтан ұйымдастырушылар екінші рет «Қазақстан барысы» турнирін сыйымдылығы 9200 адамға шақ «Сарыарқа» ресупбликалық велотрегінде өткізуге мәжбүр болды. Жобаның ауқымы үшінші ретінде де ойдан шықты. Қазақстанның әр аумағынан 9 мыңнан астам көрермен өз аймағының балуандарын қолдауға жиналды. Сонымен қатар тікелей телекөрсетілім арқасында 6 миллионнан астам алыс және жақын шетел көрермендері дүбірлі доданы көгілдір экраннан тамашалады. Жоба ұлттық сипатқа ие болды. Жыл сайын 8миллионнан астам көрермендер ұлттық спорт түрінен сайысқа түсетін балуандар бәсін асыға күтеді. Биылғы қазақ күресі турниріндегі ең жас балуан - маңғыстаулық Мейрамбек Жаңабайдың жасы небары 18-де, ал ең үлкені Батыс Қазақстан облысының 33 жасар балуаны Еділ Құсайынов.

Күш атасын танымас. Ұлт батыры атағына лайық жігітті әлеуметтік мәртебе емес, ептілік пен естілік анықтайды. Сыйлық қоры 450 млн теңге «Қазақстан барысы» тек бірегей жоба ғана емес, еліміздің талантты жастарын әлеуметтік әлеуетін көтеретін ынталандыру шарасы болып қалыптасты. Еліміздің әр аймағында өткізілеген іріктеу кезеңдерінде жауырыны қақпақтай, білектері тоқпақтай шымыр жігіттер бірінен-бірі өтетін мықты екендіктерін дәлелдеді.

Қатысушылардың көрсеткіштеріне сай, мамандар келесі балуандар құрметті сыйлықты иеленеді деп жорамал жасауда. Олар қызылордалық Айбек Серікбаев (100 кг), Руслан Абдыразаков (117 кг), шығыс-қазақстандық Мухит Түрсынов (95 кг), Шалқар Жоламанов (107 кг), астаналық Арман Абеуов (120 кг) және «Қазақстан Барысы-2013» титуылының иегері Айбек Нұғымаров (138 кг).

Бұдан өзге үміткерлер де боз кілемнің шаңын шығарып, қарсыластарын тізе бүктіруге бекініп отыр. Алайда ең үздіктер ақтық сында ел алдында анықталады.

**3 іріктеу кезеңінде сұрыпталған «Қазақстан Барысы» ақтық сынына қатысушы 32 балуан:**

***Ақмола облысы***

Нұрлан Жамалов, Леонид Станеев

***Ақтобе облысы***

Нұрсұлтан Иманғазин, Рүстем Бөрбаев

***Алматы облысы***

Айдос Қаңлыбаев, Саят Шәмшиев

***Атырау облысы***

Сұнғат Закарияев , Бекболат Салықов

***Батыс Қазақстан облысы***

Еділ Үсенов, Дамир Қалақов

***Жамбыл облысы***

Бейбіт Ыстыбаев, Дәулетхан Жақыпов

***Карағанды облысы***

Асыл Барменов , Бекзат Ахметбеков

***Қостанай облысы***

Михаил Твердохлебов

***Қызылорда облысы***

Айбек Серікбаев, Руслан Әбдіразақов

***Маңғыстау облысы***

Манас Иманқұлов, Мейрамбек Жаңабай

***Оңтүстік Қазақстан облысы***

Жұманазар Сабыржан, Ерсұлтанов Әбілдаұлы

***Павлодар облысы***

Дархан Жоламанов, Батырхан Жүнісов

***Солтүстік Қазақстан облысы***

Рүстем Жұмаев, Дәурен Есләмов

***Шығыс Қазақстан облысы***

Мұхит Тұрсынов, Шалқар Жоламанов

***Алматы қ.***

Арслан Әбдамит, Бақыт Ысмағұлов

***Астана қ.***

Арман Әбеуов, Нұрғали Байтарақов

 

«Астана Барысы» турниріне билеттер сатылымға түсті. Құны 1000,2000,3000 теңге шамасында. Көрермендердін біреуы су жаңа **Hyundai Elantra** автокөлігін мініп қайтады. Автолікпен қатар көрермендерді көп қызықтар күтуде. Әлбетте боз кілемдегі текетіреске күні бұрын жоспар құрмайды. Дәл уақытында көзбен көреді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-k-resinen-aza-stan-barysy-turnirini-zhe-impazy-150-my-a-sh-dollary-a-shalay-syya-y-a-ie-bolady-417594](https://yvision.kz/kk/post/aza-k-resinen-aza-stan-barysy-turnirini-zhe-impazy-150-my-a-sh-dollary-a-shalay-syya-y-a-ie-bolady-417594)