---
title: "Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымы"
description: "Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғыз елдерінің өн..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-03T23:18:55+00:00"
modified: "2015-10-03T23:18:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-handy-yny-550-zhyldy-yna-oray-m-gilik-el-teatrlandyryl-an-oyylymy-557625"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-handy-yny-550-zhyldy-yna-oray-m-gilik-el-teatrlandyryl-an-oyylymy-557625/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымы

> Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғыз елдерінің өн...

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараға Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Қырғыз елдерінің өнерпаздары қатысқан.

![Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымы](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/5PwyjOU5U4wAfs4BSb5Gcow0NhxQFP.jpg)

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Барыс» мұз айдынында «Мәңгілік ел» театрландырылған концерті өтті. Үш мыңға тарта адам қатысқан қойылымды бүгін сағат 18:00-де Ұлттық арна эфирінен көріңіз.

Шара шымылдығы - «Туған жер» хореографиялық композициясымен ашылады. Мерекелік қойылым 7 бөлімнен тұрады. Мерекелік шараға астаналық мектеп оқушыларынан бастап танымал актерлар қатысқан.

«Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымын сағат 18:00-де көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-handy-yny-550-zhyldy-yna-oray-m-gilik-el-teatrlandyryl-an-oyylymy-557625](https://yvision.kz/kk/post/aza-handy-yny-550-zhyldy-yna-oray-m-gilik-el-teatrlandyryl-an-oyylymy-557625)