---
title: "Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті"
description: "Ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында, Қазақ хандығының 55..."
author: "finpolsko"
published: "2015-09-25T23:03:43+00:00"
modified: "2015-09-25T23:03:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-handy-yny-550-zhyldy-mereytoyyna-arnal-an-saltanatty-zhiyn-tti-548356"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-handy-yny-550-zhyldy-mereytoyyna-arnal-an-saltanatty-zhiyn-tti-548356/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті

> Ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында, Қазақ хандығының 55...

![Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/l370ALTHr2FXj506OFJeKB7I9FTX0G.jpg)

Ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.

![Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ICFLZ52LA2s365NswmVo2nGpKiN357.jpg)

![Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/1v34ZOV0Hc9R07D0e6F8YI6jkYm3zP.jpg)

Аталған шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысы Шыңғыс Қабдула, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты.

![Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/SK6CQ26izZNp128gQU8x0sxNPAXzqk.jpg)

![Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/zPLLzUt1LtX91B1SpqVCCW6v2uuk45.jpg)

Керей мен Жәнібек бастап, туын көтерген Қазақ хандығының құрылғанына биыл 550 жыл толып отыр. Бүгінде төрткүл дүниеге танымал, сан ұлттың алтын шаңырағына айналып отырған Тәуелсіз Қазақ елі алтын күн бедерленген көк байрағын, әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл Ел. Мерекелік шараны ашқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов, Тәуелсіз Қазақстан – ұлы бабаларымыздың асыл арманының орындалуы, бүгінгі ұрпақ XV ғасырда өмірге келген қазақ хандығының тарихи мұрагері деп, жиылған қауымды азаттық мерейтойымен құттықтады. Содан соң өңір басшысы, Отан сүйгіштікті нығайтқаны, рухани өсуді қамтамасыз еткені үшін және Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты, аймағымыздың бірқатар азаматтарын марапаттады. Айтулы мерекеде құрметке ие болған тұлғалар қатарындағы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдулаға, Қазақстан Республикасының «Қазақ хандығына 550 жыл» естелік белгісі табыс етілді. Салтанатты жиын соңы, облысымыздың танымал шығармашылық ұжымдарының орындауындағы мерекелік ән-кешке ұласты.

![Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/BoVRs4IyJLwakW5H9iiEfl99i42WqG.jpg)

![Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/04qA6Gf0Rzj66vkme59PX7iRHpApD7.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-handy-yny-550-zhyldy-mereytoyyna-arnal-an-saltanatty-zhiyn-tti-548356](https://yvision.kz/kk/post/aza-handy-yny-550-zhyldy-mereytoyyna-arnal-an-saltanatty-zhiyn-tti-548356)