---
title: "Қазақ футболшы Финляндия чемпионатында гол соқты"
description: "Голландия және түрік төлқұжаты бар және Финляндия чемпионатында Юккёнен командасы AC Kajaani үші..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-03T03:02:56+00:00"
modified: "2013-06-03T03:02:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-futbolshy-finlyandiya-chempionatynda-gol-so-ty-355737"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-futbolshy-finlyandiya-chempionatynda-gol-so-ty-355737/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ футболшы Финляндия чемпионатында гол соқты

> Голландия және түрік төлқұжаты бар және Финляндия чемпионатында Юккёнен командасы AC Kajaani үші...

[!\[Қазақ футболшы Финляндия чемпионатында гол соқты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/19ba0f154df116bf1b41133a55bcec04-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/19ba0f154df116bf1b41133a55bcec04.jpg)

 

Голландия және түрік төлқұжаты бар және Финляндия чемпионатында Юккёнен командасы AC Kajaani үшін ойнайтын этникалық қазақ Мұрат Оңал өз командасына жеңіс әкелді, деп хабарлайды [sports.kz](http://sports.kz/).

«Бұл жақында ғана басталған фин чемпионатындағы Мұраттың алтыншы ойыны және бірінші голы. AC Kajaani Хельсинкиден келген FC Viikingit командасымен ойнады. Мұрат Оңал үзілістен кейін алаңға шығып, бірер минуттан соң-ақ допты қақапаға дәл кіргізді. Бұл гол оның командасына жеңіс әкелді. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Қазір AC Kajaani дивизионда 8-ші орында тұр», – делінген хабарламада.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-futbolshy-finlyandiya-chempionatynda-gol-so-ty-355737](https://yvision.kz/kk/post/aza-futbolshy-finlyandiya-chempionatynda-gol-so-ty-355737)