---
title: "\"Қазақфильмнің\" бұрынғы вице-президенті сотталды"
description: "Алматыдағы Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы \"Қазақфильм\" ұлттық киностудиясы\" АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер хабарлады. Фото:..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-07T05:48:12+00:00"
modified: "2024-06-07T11:51:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-filmni-b-ryn-y-vice-prezidenti-sottaldy-1005404"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-filmni-b-ryn-y-vice-prezidenti-sottaldy-1005404/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Қазақфильмнің" бұрынғы вице-президенті сотталды

> Алматыдағы Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер хабарлады. Фото:...

*Алматыдағы Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер хабарлады.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/06c08b9da3b24c8c99f00cf5ada697.png)

*Фото: azattyq.org* Серік Жұбандықов Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» жасанды бекінісін талан-таражға салып, сатқан. "Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазады [ANTIKOR](https://web.telegram.org/a/#-1001497990564). Үкім заңды күшіне енген жоқ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-filmni-b-ryn-y-vice-prezidenti-sottaldy-1005404](https://yvision.kz/kk/post/aza-filmni-b-ryn-y-vice-prezidenti-sottaldy-1005404)