---
title: "Қазақ елін қара күннен сақтаймын деп, Жатыр ғой қара жерде ер Махамбет..."
description: "Шілденің 4 жұлдызында Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Атырау облысы, Индер ауылына..."
author: "elnurmak"
published: "2014-07-04T10:54:37+00:00"
modified: "2014-07-04T13:56:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-elin-ara-k-nnen-sa-taymyn-dep-zhatyr-oy-ara-zherde-er-mahambet-420301"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-elin-ara-k-nnen-sa-taymyn-dep-zhatyr-oy-ara-zherde-er-mahambet-420301/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ елін қара күннен сақтаймын деп, Жатыр ғой қара жерде ер Махамбет...

> Шілденің 4 жұлдызында Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Атырау облысы, Индер ауылына...

Шілденің 4 жұлдызында Павлодар қ. Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Атырау облысы, Индер ауылына жол тартты.

Келеді бізге мінекей 4-ші күн,

Қызықты да, танымды болды бүгін.

Алдыңғы үш күннің барлығында,

Арттық қой арқамызға білім жүгін.

 

Индер ауданына сапар шектік,

Ол жерге 3 сағатта жайлап жеттік.

Аудандық мұражайға кіріп алып,

Ақпарат жинауымызды бастап кеттік.

![Қазақ елін қара күннен сақтаймын деп, Жатыр ғой қара жерде ер Махамбет...](https://storage.yvision.kz/images/user/elnurmak/6fMEcTK02pu0o1pHxvT4cNn16NyorA.jpg)

Мұражай 4 залдан тұрады екен,

Соғыстың ардагерлері жетеді екен.

Тарихи деректерді бұл көлемде,

Жинайтын аз ғана - ақ жер таң қалдырмас па екен?!

![Қазақ елін қара күннен сақтаймын деп, Жатыр ғой қара жерде ер Махамбет...](http://storage.yvision.kz/images/user/elnurmak/iLcvYDOpgJ0mPgBD3RyyXY75I0Ud42.png)

Бұл ауылдың тарихын танып білу арқылы көптеген жаңа хабар алдық. Содан кейін халқымздың дара ақыны мен батыры - Махамбет Өтемісұлының кесенесіне аттандық.

![Қазақ елін қара күннен сақтаймын деп, Жатыр ғой қара жерде ер Махамбет...](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/elnurmak/77kIeCrpPm6urY28GRIGhmK0ao0Cxf.png)

Аттандық Махамбеттің мазарына,

Толқыдық өр тарихтың назарында,

Қасиетті атамыздың зираты ғой,

Атамыз ұлылардың қатарында..

Батыр болды өзінің заманында,

Айтулы, ерекше қадамы да,

Қазақпын деп мақтанудан гөрі атамыз,

Айналдырды тарихын өз ұлтының,

Жалындап жүрегі жанады да,

Әр өлеңі әр қазақтың жанарында,

Мақтаныш, мақтаныш боп қалады өзі,

Мәдени мұрамыздың қамалында.

![Қазақ елін қара күннен сақтаймын деп, Жатыр ғой қара жерде ер Махамбет...](https://storage.yvision.kz/images/user/elnurmak/Y7GsC1r1KIQ3U85fRSoI82jm4Cg2zF.jpg)

Келесі көріскенше...

Жазғандар: Камал Нуралы

Апушев Еламан

Редактор: Еслям Мақсат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-elin-ara-k-nnen-sa-taymyn-dep-zhatyr-oy-ara-zherde-er-mahambet-420301](https://yvision.kz/kk/post/aza-elin-ara-k-nnen-sa-taymyn-dep-zhatyr-oy-ara-zherde-er-mahambet-420301)