---
title: "Қазақ дубляжының алтын дауысы еді..."
description: "Түні бойы өзіңді ойлаумен өтті уақыт... Оқыған өлеңдеріңді тыңдап отырамын кейбір құлазыған сәттерде..."
author: "JuldyzKOZHA"
published: "2012-07-27T02:46:28+00:00"
modified: "2012-07-27T02:47:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-dublyazhyny-altyn-dauysy-edi-278755"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-dublyazhyny-altyn-dauysy-edi-278755/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ дубляжының алтын дауысы еді...

> Түні бойы өзіңді ойлаумен өтті уақыт... Оқыған өлеңдеріңді тыңдап отырамын кейбір құлазыған сәттерде...

*Түні бойы өзіңді ойлаумен өтті уақыт...*

*Оқыған өлеңдеріңді тыңдап отырамын кейбір құлазыған сәттерде.*

* .

![Қазақ дубляжының алтын дауысы еді...](https://storage.yvision.kz/images/user/juldyzkozha/7m2j58z4O3fVZLO44ZTFUyo5Ja7C34.jpg)

*

*Менің бір арманым болатын: бір сахнада өзіңмен концерт жүргізу. Қазақ дубляжының алтын дауысы едің, мәселен. Өзің ойнаған драмаға бару- Алматыға асығуымның себебі де болатын. Жасындай жалт етіп өткенің ауыр тиді менің жаныма. Арманымның енді орындалмасын ойласам, жүрегім езілердей күй кешемін. Бірақ... Алла пәк жүрегімнің нендей күй кешіп жүргенін түсінді-ау деймін, мені өзіңмен түсімде жолықтырды. Таң ата көзім ілініп кеткенде болған тәрізді. Екеуміз егемен еліміздің еңселі елордасында республикалық деңгейдегі концертке дайындалып жатқан екенбіз... Маған:**" Жұлдыз, ақ көйлегіңді кисең бола ма?! Өте жарасымды көрінеді"** деп жымия қарадың. Сол сәтте нендей күйде болғанымды құр сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Көзіме жас та алып үлгердім. Өңімде- есімдесіз, түсімде- біз біргеміз...*

*Жаның пейіште болсын, Шалқар ағам!!! *

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-dublyazhyny-altyn-dauysy-edi-278755](https://yvision.kz/kk/post/aza-dublyazhyny-altyn-dauysy-edi-278755)