---
title: "Қазақ деген атпен шыққан Alash Pride спортшысы Азия чемпионы атанды"
description: "Alash Pride клубының Қазақ деген атпен танылған спортшысы Қайрат Ахметов Азия чемпионы титулын жеңі..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-12-19T23:40:05+00:00"
modified: "2013-12-19T23:40:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-degen-atpen-shy-an-alash-pride-sportshysy-aziya-chempiony-atandy-391947"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-degen-atpen-shy-an-alash-pride-sportshysy-aziya-chempiony-atandy-391947/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ деген атпен шыққан Alash Pride спортшысы Азия чемпионы атанды

> Alash Pride клубының Қазақ деген атпен танылған спортшысы Қайрат Ахметов Азия чемпионы титулын жеңі...

[!\[Қайрат Ахметов Азия чемпионы титулын жеңіп алды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/20131220080745-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/12/20131220080745.jpg)

Alash Pride клубының Қазақ деген атпен танылған спортшысы Қайрат Ахметов Азия чемпионы титулын жеңіп алды, деп хабарлады [Vesti.kz](http://vesti.kz/).

Алматыда өткен «Ұлы майдан» турнирінің бағдарламасында Қазақ Жапония өкілі Ватанабе Татсуямен кездесті. Табанды кездесу жоспарланған үш раундқа жалғасып, төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Осы кездесудің алдында Alash Pride-тан Арман Оспанов ресейлік Евгений Леничевті ұтса, Шешенстан Республикасының спортшысы Лом Али Медиев Азамат Баходурзодудан басым түсті. Осылайша Alash Pride пен әлем құрамасының арасындағы кездесудің есебі 7:5-ті көрсетіп, алаң иелерінің пайдасына шешілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-degen-atpen-shy-an-alash-pride-sportshysy-aziya-chempiony-atandy-391947](https://yvision.kz/kk/post/aza-degen-atpen-shy-an-alash-pride-sportshysy-aziya-chempiony-atandy-391947)