---
title: "Қазақ блокшыларының бас қосуы!"
description: "Алматыда 19-20 наурыз күндері\"Мінбер\",\"Медианет\",\"As-Club\",\"MediaLab\" журналистік орталықтарының ұйы..."
author: "arai_14021993"
published: "2011-03-31T11:20:32+00:00"
modified: "2011-03-31T11:20:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-blokshylaryny-bas-osuy-138734"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aza-blokshylaryny-bas-osuy-138734/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақ блокшыларының бас қосуы!

> Алматыда 19-20 наурыз күндері"Мінбер","Медианет","As-Club","MediaLab" журналистік орталықтарының ұйы...

Алматыда 19-20 наурыз күндері"Мінбер","Медианет","As-Club","MediaLab" журналистік орталықтарының ұйымдастырылуымен тұңғыш рет қазақ блокшыларының бейресми бірінші құрылтайы өтті.Құрылтайға Қазақстан,Қытай,Моңғолия,Еуропаның 150-ге жуық белсенді блокшылары қатысты.Олардың қатарында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары,белгілі қоғам қайраткерлері,IT мамандарда бар.Қазіргі кезде қазақ тілді блокшылардың азаматтық қоғамды,ҚазНетті дамытуға белсенді үлес қосып отырғаны белгілі.Бнгінде Қазақстанда қазақ тілінде жазатын 300-ге жуық белсенді блокшы бар.Қазақ блокшылары бірігіп,"Блог Құрылтай 2011" деген атпен блогшылардың алғашқы құрылтайы өткізілді."BlogCamp"-тің мақсаты-ашыұ әңгіме,пікірталас,ұсыныснегізіеде қазақ тіліндегі жаңа медиа кеңістіктегі серпін беріп,сапасын арттыруға ықпал ету.Жиын тұсаукесер,шеберлік сыныптар,талқылау,бейресми отырыстар,кездесулер түрінде өтті.Онда негізінен жаңа медиа,әлеуметтік желілер,блоктың дамуы сияқты казнеттегі өзекті мәселелер талқыланды.Бұл жиынның ерекшелігі-қатысушылар мәсәлелерді абстрактілі түрде көтеріп қана қоймай,оның шешу жолдарын ұсынды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aza-blokshylaryny-bas-osuy-138734](https://yvision.kz/kk/post/aza-blokshylaryny-bas-osuy-138734)