---
title: "Айыртау ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі"
description: "А.ж. 30 қазан күні Департаменттің басшысы Айыртау ауданы қызметшілерімен кездесуін өткізді. Кездесу..."
author: "finpolsko"
published: "2017-10-30T21:29:52+00:00"
modified: "2017-10-30T21:29:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayyrtau-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesui-783367"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayyrtau-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesui-783367/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Айыртау ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі

> А.ж. 30 қазан күні Департаменттің басшысы Айыртау ауданы қызметшілерімен кездесуін өткізді. Кездесу...

![Айыртау ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ocmarpv03W0R3ShppXJkAwvlL41uAq.jpg)

А.ж. 30 қазан күні Департаменттің басшысы Айыртау ауданы қызметшілерімен кездесуін өткізді. Кездесу барысында Ғ.С. Тұрсынбаев жүргізіліп жатқан мемлекеттік қызметтің реформасы туралы әңгімеледі. Ғалым Сұлтанұлы өз сөзінде барлық мемлекеттік қызметшілердің қызметі ең алдымен жоғары сапалы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруына бағытталуы тиістігін атап өтті.

Кездесу қатысушыларына тестілеуден өту, конкурс өткізу тәртібі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптары туралы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзгерістері түсіндірілді.

![Айыртау ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Tdy9I0YF5y452l8Mm9SzA56Q2oLs9h.jpg)

Департамент басшысы жиналғандарды мемлекеттік қызметшілерді оқыту, мемлекеттік органдардағы ауысушылығы, конкурстарды өткізу бағыттары бойынша ауданның нәтижелерімен таныстырды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы аудандық мемлекеттік органдардың жұмыстарындағы кемшіліктері көрсетілген. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар алды.

![Айыртау ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/dxf6uImUua76i5qx2jPZE9ZKdD4z06.jpg)

Сонымен қатар, Айыртау ауданына шығу аясында Ғ.С. Тұрсынбаевпен жеке қабылдауы өткізілді. Мемлекеттік қызметке түсу, тәртіптік жауапкершілікке тарту және т.б. сұрақтары бойынша 8 азамат жүгінді.

Департаментпен тұрақты түрде осы бағытта жұмыс жүргізіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayyrtau-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesui-783367](https://yvision.kz/kk/post/ayyrtau-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-kezdesui-783367)