---
title: "Айыртау ауданының №2 аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді"
description: "Соттардың ашықтығын, жариялылығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, халыққа құқықтық көмек көрсе..."
author: "sko_sud"
published: "2015-01-21T10:17:54+00:00"
modified: "2015-01-21T10:17:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayyrtau-audanyny-2-audandy-sotynda-ashy-esik-k-ni-tkizildi-462362"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayyrtau-audanyny-2-audandy-sotynda-ashy-esik-k-ni-tkizildi-462362/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Айыртау ауданының №2 аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

> Соттардың ашықтығын, жариялылығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, халыққа құқықтық көмек көрсе...

![Айыртау ауданының №2 аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/sko_sud/hw03KluLKhM9A287EZomAKhvc6a1o1.jpg)

Соттардың ашықтығын, жариялылығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Айыртау ауданының №2 аудандық сотында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Арықбалық селолық округі» ММ-нің мамандары, Айыртау ауданының №2 ҚАИ инспекторы қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының нормалары бойынша түсініктеме берілді.

Атап айтқанда Айыртау ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.С. Парманов медиация рәсімінің қағидалары мен міндеттері, қолдану аясы жөнінде баяндап, дау-шарды шешудің балама тәсілдерін кеңінен қолдану соттардың жүктемесін азайтып қана қоймай, сонымен бірге дау-шарды өзара тиімді шешуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

Көптеген дамыған елдерде медиация рәсімі кеңінен қолданылады.

Соттарда медиатордың қызметін кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар жүзеге асыра алады.

Сонымен бірге іс-шара кезінде кәсіпқой емес медиаторларға қойылатын талаптарға қатысушылардың назары аударылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayyrtau-audanyny-2-audandy-sotynda-ashy-esik-k-ni-tkizildi-462362](https://yvision.kz/kk/post/ayyrtau-audanyny-2-audandy-sotynda-ashy-esik-k-ni-tkizildi-462362)