---
title: "«Қайыршылар — бай» дегенге сенбейтінмін."
description: "Өскен сайын өзгергің келеді ме бір қызық, әйтеуір оқушы кезіммен салыстырғанда әлде қайда басқамын. ..."
author: "naztileu"
published: "2015-07-24T04:35:11+00:00"
modified: "2015-07-24T04:35:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayyrshylar-bay-degenge-senbeytinmin-524457"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayyrshylar-bay-degenge-senbeytinmin-524457/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қайыршылар — бай» дегенге сенбейтінмін.

> Өскен сайын өзгергің келеді ме бір қызық, әйтеуір оқушы кезіммен салыстырғанда әлде қайда басқамын. ...

Өскен сайын өзгергің келеді ме бір қызық, әйтеуір оқушы кезіммен салыстырғанда әлде қайда басқамын. Қалай басқа кісіге айналғанымды өзімде байқамаппын осы кезге дейін. 11 сыныпты енді ғана бітірген сіңілілеріме "құрбың болса да құрметтеп сөйлессейші", "оооой қандай тормозсың", "жүре берші и, жақсы киініп тұрсың кім не десе о десін" деген сөздерді айтып алып, қорытындыласам 16 жастағы Назгүлге ұқсатамын оларды. "Адидастың толстовкасың алғым келіп жүр." деген сөйлемдегі "Адидасым" көйлекке алмасыпты. Сенсіреп сөйлейтінім бар еді, өзімнен 4ақ жас улкен кісіге "сіз" деп құрбымды таң қалдырғаным да бар. Сондай-ақ қорқынышты кинолардың орнын "қорқынышты" жаңалықтар басыпты, иә жағымды жаңалық дегің-ақ келеді, бірақ асып-тасып тұрған олар жоқ. Қай арнаны көрсең де көп балалы ананың құлап тұрған үйі, шешесінің таяғына таланған бүлдіршін, кішкентай қызының қызығын көрген педофилдер, 20 жасар жас қыздың пәктігіне таң қалатын кез келген сияқты. Шіріген алмалардың арасына жаңа үзілген алманы салсаң тез шіріди екен, шірігеннің жаңарғанын көрмеген екенмін, Қытайда ғана болмаса, әрине. Ол көршіміздің ойлап таппайтыны жоқ қой, дәл солай жазалары да ерекше, естіп жатқанымыз көп, ол жазадан кейін еріксіз жақсы кісіге айналатындар да бар шығар, кім біледі. Жақсы адамның барына шүкіршілік айтатын заман туды-ау, сірә. Солардың біразы менің айналамдағы адамдар екені қуантады. Бастан өткен бір қызықты айтып бергім келеді. "Жақсылықты мақтану үшін жасамайды" дегенді құптайтын жұрт қатарынанмын, алайда ішіме сыйдыра алмай қойдым, мақтанғаным емес мақтағаным болсыншы. Журналисттің дәлелмен сөйлегені қызығырақ, әрине, бірақ мен сол жолға тырыссамда әлі бола қойған жоқпын, сондықтан дәлелсіз де жаза беретін құқық бар кезде пайдаланып қалайын. "Қайыршылар - бай" дегенге сене бермейтінмін, осы оқиғадан кейін сенімділігім артты. "Олардың үйін көрдім", - деп құлақтан тебейін деп тұрғаным жоқ, мүмкін шынында өзім байқамай қасынан талай өткенде шығармын...Теорияны қанша оқысаң да, практикадағыдай білімді ала алмайсың демекші қайыр сұраған күніміз болды(солай деуге болатын болса). Жаман ойламаңыздар, өзіміз үшін емес, Семейлік Серікқазы Бақытжан есімді бүлдіршіннің еміне қыруар ақша керек болғандықтан сәлде болса көмек берсек деген ой ғой. Бәрінің басында Алматы қаласының "Жүректен Жүрекке" ұйымы тұрды. Қайырымдылық концертіне 2 күн қалған. Билеттермен жағдай жоспардағыдай болмай, біразы қолымызда қалды. Группаласым Толқын ұйым басшысы болған соң көмекке топтағы студенттердің жартысы ат салысты. Бесеуі-ақ, бірақ бұл біздің топтың жартысы. Бәріне дайын болайық, концерт залының арендасын өзіміз төлесек жақсы болар еді деген ұсыныстар кетті. Шәкіртақының түсетін кезі емес, сәуірдің 21-22і, 100 000 теңге қарапайым 40 студенттің қалтасынан да шығатын жағдайда емес болды. Арамыздан ақылды кісі табылып, "Ән салып ақша табайық" дегені осы Қайрат пен Орынбасар гитара арқалап келіп, Тимирязев көшесіне жақын "Хамит Ерғали" жағалауында қорапты орналастырып жайғастық. Қолда Бақытжанның суреті бар, сенгендері ақша салды, сенбегендері көздерінің қиығымен қарап өтті. Бір орында отырмай жағалаудың бойын аралап әндеттік, осы тәсіл жақсы екен. Екі сағат ішінде қорапқа 10 мың түсті. Тағы бір көрейік деп келесі күні 4 сағат ішінде Абай көшесінде де болып 36 мың таптық. Солай аренданың жартысын болса да жинаған жайымыз бар... Арьятов Қайрат, Орынбасар,[Ару Исак](http://vk.com/aru.isak),[Толкын Измахан](http://vk.com/tolkini) , [Гүлнұр Ақынбекова](http://vk.com/kvn.guni) , [Gulim Lepesbay](http://vk.com/lepesbay) , [Сания Калышева](http://vk.com/despicable_m_e) Алтуш, Гүлсім сендер әлемді әдемі қылу үшін жаралғансыңдар ❤ ❤ ❤

![«Қайыршылар — бай» дегенге сенбейтінмін.](https://storage.yvision.kz/images/user/naztileu/BX9gLy93208oK1WPz6WgCFuZ1M917x.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayyrshylar-bay-degenge-senbeytinmin-524457](https://yvision.kz/kk/post/ayyrshylar-bay-degenge-senbeytinmin-524457)