---
title: "Қайырлы Құрманбаев"
description: "Қайырлы Құрманбаев 1874 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын құмында дүниеге келген. Есен-Берішт..."
author: "Alik66"
published: "2011-04-24T03:27:16+00:00"
modified: "2011-04-24T03:27:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayyrly-rmanbaev-148045"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayyrly-rmanbaev-148045/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қайырлы Құрманбаев

> Қайырлы Құрманбаев 1874 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын құмында дүниеге келген. Есен-Берішт...

Қайырлы Құрманбаев 1874 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын құмында дүниеге келген. Есен-Беріштің Ырсай атасы, Атажан бөлімінен. 1910 жылы ішкі Орданың (Астрахань губерниясы, Гурьев уезі) 1-ші теңіз жағалауы округінде Мұқанәлі Шынтеміровтың көмекшісі болып қызмет істеді. 1911 жылы сол округтің правителі болып бекітіліп, ол қызметті Кеңес өкіметі орнағанға шейін атқарған. 1929 жылы патша өкіметінің қызметшісі ретінде 3 жылға Сібірге жер аударылады. Соғыс біткен соң елге келіп, 1949 жылы 75 жасында Атырау қаласында дүниеден озады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayyrly-rmanbaev-148045](https://yvision.kz/kk/post/ayyrly-rmanbaev-148045)