---
title: "Айып тұрақтары «Ақжайық адалдық алаңы» жобасы назарында"
description: "«Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында ағымдағы жылдың 5 тамызында Орал қаласының арнайы айып тұрақ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-08-08T06:49:21+00:00"
modified: "2019-08-08T06:49:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayyp-t-ra-tary-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-nazarynda-837986"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayyp-t-ra-tary-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-nazarynda-837986/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Айып тұрақтары «Ақжайық адалдық алаңы» жобасы назарында

> «Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында ағымдағы жылдың 5 тамызында Орал қаласының арнайы айып тұрақ...

«Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында ағымдағы жылдың 5 тамызында Орал қаласының арнайы айып тұрақтарына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг нәтижесінде Орал қаласы аумағында арнайы айып тұрақтардың қызметін ЖК «Байлауов Б.А.» және «Батыс Қазақстан облысы Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» ҚБ көрсететіндігі анықталды (Орал қаласы, Чкалов көшесі, 285/1).

Жүргізушілер айып тұрағынан өзінің автокөліктерін алар кезде, Әкімшілік полициясы басқармасынан алған автокөлікті арнайы айып тұрағынан алу жөніндегі рұқсат қағазынан бөлек арнайы арнайы тұрақ қызметкерлері қосымша автокөліктің техникалық паспортының, жеке куәлігінің, жеке жүргізуші куәлігінің, автокөлікті сақтандыру полисінің және тағы басқа құжаттардың көшірмесін сұрататындығы анықталды.

Бұл өз кезегінде азаматтарға жасанды әкімшілік кедергілер болып табылады, яғни сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және азаматтардың наразылығын тудырады.

Тиісті ұсыныстар БҚО полиция департаментіне және Орал қаласы әкімдігіне жолданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayyp-t-ra-tary-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-nazarynda-837986](https://yvision.kz/kk/post/ayyp-t-ra-tary-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobasy-nazarynda-837986)