---
title: "Айтыс өнерінің тарихы тағылымға толы"
description: "Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті бірлесіп ..."
author: "makala"
published: "2014-10-28T23:08:35+00:00"
modified: "2014-10-28T23:08:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aytys-nerini-tarihy-ta-ylym-a-toly-436415"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aytys-nerini-tarihy-ta-ylym-a-toly-436415/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Айтыс өнерінің тарихы тағылымға толы

> Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті бірлесіп ...

![Айтыс өнерінің тарихы тағылымға толы](http://baq.kz/foto/600_6c265f1fee7677331199a9f25bc7b75e.jpg)

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті бірлесіп өткізген «Тәуелсіздік жылдарындағы айтыс өнерінің дамуы, мәселелері және болашақ бағыты» атты дөңгелек үстел барысында айтысты дамытуға қатысты бірқатар мәселелермен қатар, өнерден тыс жұртшылық түгілі, осы өнердің басы-қасында жүрген азаматтардың өзінің оның тарихынан бейхабар екендігі және ақпараттық құрал ретіндегі дәстүрлі әлеуметтік бағдарын біле бермейтіні сөз болды.

Қоғам қайраткерлері, құзырлы мемлекеттік органдарының өкілдері мен 30-ға жуық айтыскер ақын қатысқан отырыста аталмыш шараның ғылыми негізін ашып, айтыс тарихы мен даму бағыттары бойынша ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов, филология ғылымдарының докторы, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев арнайы баяндамалар оқыды.

Өз сөзінде айтулы ғалым Сейіт Қасқабасов айтыстың өте ерте заманнан келе жатқан киелі өнер екенін және ежелден елді ұйыстырушы, әлеуметтік дәнекерлеуші қызметін атқарғанын атап өтті. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/info/71-zhanalyktar/4248-aitys-onerinin-tarihy-taglimga-toli))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aytys-nerini-tarihy-ta-ylym-a-toly-436415](https://yvision.kz/kk/post/aytys-nerini-tarihy-ta-ylym-a-toly-436415)