---
title: "«Айтылмаған әңгіме» атты жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі"
description: "Ешкім естімеген, бұдан бұрын еш жерде айтылмаған эксклюзивті тақырыптарды көтерген \"Айтылмаған әңгі..."
author: "aliziyadin"
published: "2013-11-11T01:26:19+00:00"
modified: "2013-11-11T01:48:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aytylma-an-gime-atty-zha-a-ba-darlamany-t-sauy-kesiledi-384327"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aytylma-an-gime-atty-zha-a-ba-darlamany-t-sauy-kesiledi-384327/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Айтылмаған әңгіме» атты жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі

> Ешкім естімеген, бұдан бұрын еш жерде айтылмаған эксклюзивті тақырыптарды көтерген "Айтылмаған әңгі...

![«Айтылмаған әңгіме» атты жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі](https://storage.yvision.kz/images/user/aliziyadin/7MQqkJz55owK46AKvQayxKe13vbwh2.jpg)

Ешкім естімеген, бұдан бұрын еш жерде айтылмаған эксклюзивті тақырыптарды көтерген "Айтылмаған әңгіме" атты жаңа жобаны 31 арна көрермендеріне тарту етеді. Бағдарламаның алғашқы саны бүгін, 11 қараша күні кешкі 19.30-да эфирге шығады.

Бағдарламаға тек Қазақстан аумағынан ғана емес, Қытай, Түркия, Ресей секілді мемлекеттерден де арнайы қонақтар келіп қатысады.

**"Айтылмаған әңгіме" бағдарламасының редакторы Азамат Есберген:**

*Осы уақытқа дейін мұндай бағдарлама болған жоқ Қазақстанда, және бір ерекшелігі - драмматургиялық тұрғыда да өзіндік мәні бар, финалы бар. Яғни әрбір кейіпкеріміздің арманын орындауға немесе көптен бері орындай алмай жүрген ісін орындауға қолұшын беріп жатырмыз.*

Бұл бағдарламада "Айтылмаған әңгіме" айтылады. Бұл жобада өмірі - өзгеге өнеге, өресі биік жандардың өрелі сөзі айтылады. Тағдырының тартуымен, 25 жыл бойы бір-бірін көрмеген адамдар кездесіп, елден жырақта жүрген арда азаматтарымыз арнамызға "айтылмаған әңгімесін" айтуға келеді.

**ӘНУАР ШӘЛЕКЕНОВ, "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасының атқарушы продюсері:**

*Бүгін ғана бағдарламаға қатысатын қонақтар Түркия мен Қытайдан келіп жатыр. Одан қалды, қасымыздағы Ресей, Өзбекстаннан да келіп жатыр. Шет мемлекеттерден қонақтар жиналып жатыр.*

*Шеттегі қонақтар келмей тұрып, тілшілер ол кісілердің тұрмысымен алдын-ала танысып та қайтты. Жаңа жобаның тағы бір жаңалығы - басы бар әңгіменің аяғының да айтылуында. Яғни талқыға салынған тақырыптың нәтижесін көрсетеміз.*

"Айтылмаған әңгіме" қалмайды, достар. 19.30-да жіберіп алмаңыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aytylma-an-gime-atty-zha-a-ba-darlamany-t-sauy-kesiledi-384327](https://yvision.kz/kk/post/aytylma-an-gime-atty-zha-a-ba-darlamany-t-sauy-kesiledi-384327)