---
title: "«Айтватрм», «жазватрм» — әлеуметтік желідегі қазақ тілінің сиқы осы"
description: "Бүгінде әлеуметтік желіні күнделікті өмірінде пайдаланбайтын адам кемде-кем. Әсіресе, жас толқын ..."
author: "makala"
published: "2014-10-17T02:35:46+00:00"
modified: "2014-10-17T02:35:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aytvatrm-zhazvatrm-leumettik-zhelidegi-aza-tilini-si-y-osy-434421"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aytvatrm-zhazvatrm-leumettik-zhelidegi-aza-tilini-si-y-osy-434421/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Айтватрм», «жазватрм» — әлеуметтік желідегі қазақ тілінің сиқы осы

> Бүгінде әлеуметтік желіні күнделікті өмірінде пайдаланбайтын адам кемде-кем. Әсіресе, жас толқын ...

![©Нұрғиса Елеубеков (фото)](http://alashainasy.kz/userdata/news/2014/news_55852/thumb_b/photo_58078.jpg)

Бүгінде әлеуметтік желіні күнделікті өмірінде пайдаланбайтын адам кемде-кем. Әсіресе, жас толқын өкілдері түгелдей дерлік осы бір жіпсіз желіге көрінбей ноқталанғанын ешкім жоққа шығармаса керек. Аман-сәлемді агенттен бастап, әңгіме пісіруді фейсбукте жалғастыратынымыз өз алдына, вацап, твиттер арқылы видео, фото лақтырып әуреге түсіп жатамыз. Былай қарасаң, қызықтың қызығы екеніне талас жоқ. Күнделікті өмірдегі маңызды, қоғамдық ортада пкірталас тудыратын оқиғаларға қатысты өз ойыңды ашық білдіруге әлеуметтік желілердің пайдасы тиіп-ақ тұр. Алысты жақын ететін, белгілі адамдарды бұрынғыдан да жақсы біле түсуге оның көмегі зор. Бірақ, осы бір әлеуметтік желінің әуресі уақытымызды білдіртпей ұрлайтын қас жауымыз екенін де естен шығаруға болмайды.

Рас, бұл жөнінде аз талқыланып жатқан жоқ. Ал маған таяуда ой салған - бір танысымының сөзі. Әлеуметтік желінің артықшылықтары, «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызуға келгенде» желден де жылдам желілерге жетер ештеңе жоқтығын айтып едім. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/component/content/article/4177-aleumettik-jelidegy-kazakh-tilinin-siky-osy))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aytvatrm-zhazvatrm-leumettik-zhelidegi-aza-tilini-si-y-osy-434421](https://yvision.kz/kk/post/aytvatrm-zhazvatrm-leumettik-zhelidegi-aza-tilini-si-y-osy-434421)