---
title: "Айтайын дегенім..."
description: "Сонда түсінгенім, маған Түменнің \"Союз\", Мурманскі және Дағыстан командаларының әзіл тұрпаттары ұна..."
author: "Orken_Kenzhebek"
published: "2018-01-25T16:05:09+00:00"
modified: "2018-01-25T16:05:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aytayyn-degenim-794080"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aytayyn-degenim-794080/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Айтайын дегенім...

> Сонда түсінгенім, маған Түменнің "Союз", Мурманскі және Дағыстан командаларының әзіл тұрпаттары ұна...

Сонда түсінгенім, маған Түменнің "Союз", Мурманскі және Дағыстан командаларының әзіл тұрпаттары ұнайды екен. Камызяки әу бастан. Әзілді құрау әдістері тамаша ғой, иттің ғана балалары-ай)

Бізде бұл жағынан "Жайдарманның" "Сағызын" мойындаймын. Осы тұрғыда Ақтаудағы айтыскер Нұрлан Мұсаев айтты деген қағытпаларға құлаймын. Болмаса, Қызылордада тұратын Мамыр мен Ақылбай секілді ағалардың әңгімелерін сағынамын.

Айтайын дегенім, осы арабтың шейхтары Ким Кардашьянмен шай ішу үшін 1 миллион доллар төлепті, Кристен Стюартпен 15 минут кездесу үшін 500 мың доллар төлепті дегенді жиі оқығанмын. Менде сондай байлық болса, Қызылордадағы Ақылбай ағаны чартермен алдырып, қаламақысын беріп қойып, екі - үш түн сөйлетіп, бар әңгімесін жаздырып алар едім, әттең...

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aytayyn-degenim-794080](https://yvision.kz/kk/post/aytayyn-degenim-794080)