---
title: "Айт қабыл болсын!"
description: "Айт сөзі - «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Жиырма тоғыз күн ораза ұстап, ауыз бекіткен мұ..."
author: "urimtal"
published: "2010-09-08T10:43:22+00:00"
modified: "2010-09-08T10:43:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayt-abyl-bolsyn-71008"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayt-abyl-bolsyn-71008/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Айт қабыл болсын!

> Айт сөзі - «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Жиырма тоғыз күн ораза ұстап, ауыз бекіткен мұ...

Айт сөзі - «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Жиырма тоғыз күн ораза ұстап, ауыз бекіткен мұсылман баласы бұл күні әуелі айт намазына мешітке бет алады.

Мешітте имамның уағыз-насихатын тыңдап, жамағат болып намаз оқиды. Намаз біткен соң мұсылмандар қол алысып, төс қағысып бір-бірін Айт мерекесімен құттықтайды, жақсы тілектерін айтады. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Ал әйелдер қауымы үйде қазан асып, дастарқан жайып, айттық шай әзірлейді. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп дәм ауыз тиеді, шаңырақ иесіне аман-саулық тілеп, айтпен құттықтайды.

Сондай-ақ, ұлық мерекесі ізгі істермен де атап өткен жөн. Мәселен, жақын-жұрағаттарға ерекше қамқорлық танытып, мүсәпір-мүскіндерге қайырымдылық көрсеткен абзал. Айта кетейік, айт мерекесі Рамазан айынан кейін келетін **-** Шәууәл айында атап өтіледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз үмбеттерін шәууәл айында да ораза тұтуға үндеп, оның сауабының молдығын айтқан. Ол: «*Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейін шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей*», - деген. Шәууәл айының оразасын сол айдың ішінде кез-келген күні ұстауға болады. Оны қатарынан үзбей немесе күндерін үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ айт өтісімен кезекпен толықтай ұстау - абзал. Қасиетті Рамазан Айт мерекесі құтты болсын! Айт қабыл болсын! [www.muftyat.kz](http://www.muftyat.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayt-abyl-bolsyn-71008](https://yvision.kz/kk/post/ayt-abyl-bolsyn-71008)