---
title: "Қайсысы үздік, BMW ма әлде Mercedes пе?"
description: "Пікірталас бір сәтке де тоқтаған емес. Қайта аталған екі брендтің бірінде жаңа көліктің таныстырылы..."
author: "diyas_valikhan"
published: "2016-01-22T03:40:46+00:00"
modified: "2016-01-22T03:40:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aysysy-zdik-bmw-ma-lde-mercedes-pe-674456"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aysysy-zdik-bmw-ma-lde-mercedes-pe-674456/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қайсысы үздік, BMW ма әлде Mercedes пе?

> Пікірталас бір сәтке де тоқтаған емес. Қайта аталған екі брендтің бірінде жаңа көліктің таныстырылы...

![Қайсысы үздік, BMW ма әлде Mercedes пе?](http://autoblog.kz/wp-content/themes/bigfeature/library/timthumb/timthumb.php?src=/wp-content/uploads/2016/01/Mercedes-benz-cls63-amg-s-model-4matic-Bmw-m6-gran-coupe-Audi-rs7-09.jpg&w=601&zc=1&a=c)

Пікірталас бір сәтке де тоқтаған емес. Қайта аталған екі брендтің бірінде жаңа көліктің таныстырылымы өткен соң тартыс күшейе түсетін секілді.

Қызу пікірталас барысында қарсы тараптар әлем бойынша (Қазақстанды қоса алғанда) қанша көлік сатылғанын талқылайды. Осы арқылы 2015 жылы қай көліктің танымалдылығы жоғары болғанының бұлтартпас дәлелін көпшілікке көрсетеді.

Сонымен, 2015 жылы сатылған көліктер саны: 1 905 234 — BMW 1 871 511 – Mercedes

BMW: Барлық модельдер 2014 жылмен салыстырғанда ерекше өсімді көрсетті. Атап айтсақ, үздігі i (ай)-мобилдер: BMW i3 — 29 513, және BMW i8 «бар жоғы» — 5 456.

[!\[Қайсысы үздік, BMW ма әлде Mercedes пе?\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/10-bmw-i3-bmw-i8-704x489.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/10-bmw-i3-bmw-i8.jpg)

Mercedes: Ең көп сұранысқа ие болған жаңа C-class (444 000 көлік), ал жеке Еуропа нарығында қосынды саны 583 000 көлікпен «оқ бойы» алға озып шыққан A/B/CLA/GLA «кіші топтамасы».

[!\[Қайсысы үздік, BMW ма әлде Mercedes пе?\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/2015-Mercedes-Benz-C-Class-LCT-41-704x469.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/2015-Mercedes-Benz-C-Class-LCT-41.jpg)

Audi қайда деп сұрарсыздар бәлкім? Бұл жолы Audi үздік неміс үштігінің аутсайдерлері қатарында. Барлық сатылған көлік саны 1 803 250 ғана. Ерекше көзге түскені А3 (373 000) моделі, ал жаңа А4 болса танылып үлгерген жоқ. Есесіне Q-кроссоверлері жақсы сатылды (538 000), жаңа екінші буынның Q7 – інің жаңалығы әсер етсе керек.

[!\[Қайсысы үздік, BMW ма әлде Mercedes пе?\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/q7150003_medium-704x469.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/q7150003_medium.jpg)

Бұдан былай BMW мен Mercedes бақталасында, тұмсығына ақ – көк пропеллерді таңбалаған марканың жақтастарының қолында ірі көзір бар.

[!\[Қайсысы үздік, BMW ма әлде Mercedes пе?\](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/Mercedes-benz-cls63-amg-s-model-4matic-Bmw-m6-gran-coupe-Audi-rs7-08-704x430.jpg)](http://autoblog.kz/wp-content/uploads/2016/01/Mercedes-benz-cls63-amg-s-model-4matic-Bmw-m6-gran-coupe-Audi-rs7-08.jpg)

Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе [Facebook](https://www.facebook.com/diyas.valikhan) және [Instagram](https://instagram.com/diyas_valikhan/) — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе [Youtube](https://www.youtube.com/channel/UCIkhRh04ceUFdbFVi3k1hgQ) — та маған жазылыңыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aysysy-zdik-bmw-ma-lde-mercedes-pe-674456](https://yvision.kz/kk/post/aysysy-zdik-bmw-ma-lde-mercedes-pe-674456)