---
title: "Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қатысты тағы бір..."
description: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық күдігі бойынша тергеуді аяқтады...."
author: "jan.123"
published: "2024-05-02T05:54:50+00:00"
modified: "2024-05-02T05:54:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayrat-satybaldyny-b-ryn-y-yeline-atysty-ta-y-bir-is-sot-a-zholdandy-1004214"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayrat-satybaldyny-b-ryn-y-yeline-atysty-ta-y-bir-is-sot-a-zholdandy-1004214/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қатысты тағы бір...

> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық күдігі бойынша тергеуді аяқтады....

*Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық күдігі бойынша тергеуді аяқтады.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/83def94ad143ee703e596ecb231ad4.jpg)

Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Аталған агенттік өкілдерінің хабарлауынша, процеске қатысушылар да қылмыстық іс материалдарымен танысып болған. "Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г. Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген Антикор хабарламасында. Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды былтыр екі рет сотталған еді. Ол 2023 жылы мамыр айында қылмысты ұйымдастырғаны, озбырлық жасағаны және адам ұрлағаны үшін 7 жылға, маусым айында бөгденің мүлкін иеленгені және талан-таражға салғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayrat-satybaldyny-b-ryn-y-yeline-atysty-ta-y-bir-is-sot-a-zholdandy-1004214](https://yvision.kz/kk/post/ayrat-satybaldyny-b-ryn-y-yeline-atysty-ta-y-bir-is-sot-a-zholdandy-1004214)