---
title: "Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз"
description: "Кешті бүгін сағат 19:30-да тамашалай аласыздар. Бүгін елордадағы «Астана-Арена» стадионында еліміз..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-13T00:04:09+00:00"
modified: "2015-12-13T00:04:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayrat-n-rtasty-koncertin-tikeley-efirde-k-ri-iz-667728"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayrat-n-rtasty-koncertin-tikeley-efirde-k-ri-iz-667728/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз

> Кешті бүгін сағат 19:30-да тамашалай аласыздар. Бүгін елордадағы «Астана-Арена» стадионында еліміз...

Кешті бүгін сағат 19:30-да тамашалай аласыздар.

![Қайрат Нұртастың концертін тікелей эфирде көріңіз](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/OjGXntZz3D7SOZDbiR6mRrYFwuwm0O.png)

Бүгін елордадағы «Астана-Арена» стадионында еліміздің жарық жұлдыздарының бірі Қайрат Нұртастың сахнадағы 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын...» атты шоу-концерті өтеді.

Кештің негізгі қоюшы-режиссері Григорий Скоморовскийдің айтуынша, шоуда тек кәсіби хореографтар емес, каскадер, білікті акробаттар, цирк әртістері өнер көрсетеді.

Айта кету керек, 8 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында әншінің «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өткен болатын.

Кеш қонақтары – Индира Елемес және ресейлік танымал әртістер Тимати мен Нюша.

Концертті Ұлттық арнадан тікелей эфирде сағат 19:30-да тамашалай аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayrat-n-rtasty-koncertin-tikeley-efirde-k-ri-iz-667728](https://yvision.kz/kk/post/ayrat-n-rtasty-koncertin-tikeley-efirde-k-ri-iz-667728)