---
title: "Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті"
description: "Жоғарғы Сотта өткен кеңесте жоғары сот органының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың жанындағы Со..."
author: "SUD_RK"
published: "2016-07-05T05:34:25+00:00"
modified: "2016-07-05T05:34:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayrat-m-mi-iliyas-ispanovty-a-t-be-alasyny-kimi-bolyp-ta-ayyndaluymen-tty-tap-ony-sot-zh-yesini-infr-700971"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayrat-m-mi-iliyas-ispanovty-a-t-be-alasyny-kimi-bolyp-ta-ayyndaluymen-tty-tap-ony-sot-zh-yesini-infr-700971/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті

> Жоғарғы Сотта өткен кеңесте жоғары сот органының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың жанындағы Со...

Жоғарғы Сотта өткен кеңесте жоғары сот органының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бұрынғы басшысы Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтады. «Ақтөбе – еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі қала. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ақтөбе қаласын заманауи урбанистикалық орталыққа айналдыру міндетін жүктеп отыр», - деді Қ.Мәми. Ол Мемлекет басшысының күрделі әрі маңызды қаланы басқару міндетін І.Испановқа сеніп тапсыруын оның қызметіне берілген жоғары баға болып табылатындығын атап өтті. «Ілияс Сапарбекұлы өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды, білікті әрі талантты басшы ретінде электронды сот төрелігін дамытуға, соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және жалпы алғанда, республиканың сот жүйесін жаңғыртуға өзінің қомақты үлесін қосты», - Жоғарғы Сот Төрағасы. Жаңа қызметіне сәттіліктер тілей отырып, Қ.Мәми І.Испановты сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі, көп жылғы мінсіз қызметі үшін ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапаттады. Жоғарғы Сот судьялары мен Департамент қызметкерлері І.Испановқа өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Өз кезегінде, І.Испанов Жоғарғы Соттың басшылығына, судьялары мен аппарат қызметкерлеріне бірлесе нәтижелі жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді. [http://sud.gov.kz/kaz/news/kayrat-mmi-iliyas-ispanovty-aktobe-kalasynyn-kimi-bolyp-tagayyndaluymen-kuttyktap-onyn-sot](http://sud.gov.kz/kaz/news/kayrat-mmi-iliyas-ispanovty-aktobe-kalasynyn-kimi-bolyp-tagayyndaluymen-kuttyktap-onyn-sot)

![Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/QOSB6N9t7UD8pI1snHGXP33u6u5xT6.jpg)

![Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/bEGHkMnz01yQIeSopX6bb1TlNYC4Mp.jpg)

![Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/s0BTkqn53WpDqH5X5F4YP5E7c84QuB.jpg)

![Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/8kg9sTCRD1V2i74BY2iT7FE5VgBGV2.jpg)

![Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/cQV446XRdEWVynYE79tWxnJaoJkCya.jpg)

![Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/DS1pnD3IwDNR288fRD393h6yt6jqpv.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayrat-m-mi-iliyas-ispanovty-a-t-be-alasyny-kimi-bolyp-ta-ayyndaluymen-tty-tap-ony-sot-zh-yesini-infr-700971](https://yvision.kz/kk/post/ayrat-m-mi-iliyas-ispanovty-a-t-be-alasyny-kimi-bolyp-ta-ayyndaluymen-tty-tap-ony-sot-zh-yesini-infr-700971)