---
title: "«Қайрат»-«Астана» матчына павлодарлық Игорь Алешин төрелік етеді"
description: "25-қазанда ҚПЛ-дың 30-туры аясында Алматыда жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» кездеседі. О..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-23T03:57:26+00:00"
modified: "2015-10-23T03:57:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayrat-astana-matchyna-pavlodarly-igor-aleshin-t-relik-etedi-603038"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayrat-astana-matchyna-pavlodarly-igor-aleshin-t-relik-etedi-603038/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қайрат»-«Астана» матчына павлодарлық Игорь Алешин төрелік етеді

> 25-қазанда ҚПЛ-дың 30-туры аясында Алматыда жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» кездеседі. О...

25-қазанда ҚПЛ-дың 30-туры аясында Алматыда жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» кездеседі.

![«Қайрат»-«Астана» матчына павлодарлық Игорь Алешин төрелік етеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/jAv6p6U1Af5FaP9ztx2X5U48qtHVh4.jpg)

Ойынның бас төрешісі болып павлодарлық Игорь Алешин тағайындалды. Оған атыраулық Анатолий Ходин мен тараздық Дмитрий Филоненко көмектеседі. Қосымша көмекшілер: Артём Кучин (Қарағанды), Болат Карлибаев (Орал) және резервтегі төреші – алматылық Алексей Шабанов.

Еске сала кетейік, Алматыдағы «Орталық стадионда» өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayrat-astana-matchyna-pavlodarly-igor-aleshin-t-relik-etedi-603038](https://yvision.kz/kk/post/ayrat-astana-matchyna-pavlodarly-igor-aleshin-t-relik-etedi-603038)