---
title: "Қайрат Ахметов Еуропаның ең үздік он жекпе-жекшісінің қатарына енді"
description: "Алматыдағы «Алаш Прайд KZ» кәсіби жекпе-жек клубының мүшесі, 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрс..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-12-05T01:04:17+00:00"
modified: "2014-12-05T01:04:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayrat-ahmetov-europany-e-zdik-on-zhekpe-zhekshisini-ataryna-endi-445629"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayrat-ahmetov-europany-e-zdik-on-zhekpe-zhekshisini-ataryna-endi-445629/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қайрат Ахметов Еуропаның ең үздік он жекпе-жекшісінің қатарына енді

> Алматыдағы «Алаш Прайд KZ» кәсіби жекпе-жек клубының мүшесі, 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрс...

[!\[Қайрат Ахметов Еуропаның ең үздік он жекпе-жекшісінің қатарына енді\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/12/20141204132543-300x180.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/12/20141204132543.jpg)

Алматыдағы «Алаш Прайд KZ» кәсіби жекпе-жек клубының мүшесі, 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қайрат Ахметов Еуропаның ең үздік жекпе-жекшілері рейтингіcінде 9-шы орынға көтерілді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Айта кетелік, Қайрат (лақап аты «Қазақ») Ахметов өткен айдың 23-ші жұлдызында Алматы қаласында аралас жекпе-жектен өткен «Дала батырлары» халықаралық турнирінде Еуропаның үздік жекпе-жекшілер рейтингісінде бірінші орында тұрған франциялық сарбаз Салах (лақап аты «Алжирлік») Элкасты жеңіп, «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанған болатын.

Автор: [Жаппарберген Айбота](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/989)

Басты сөздер: [Алматы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/253) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayrat-ahmetov-europany-e-zdik-on-zhekpe-zhekshisini-ataryna-endi-445629](https://yvision.kz/kk/post/ayrat-ahmetov-europany-e-zdik-on-zhekpe-zhekshisini-ataryna-endi-445629)