---
title: "Қайран шіркін өмір-ай"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Қайран шіркін өмір-ай, Зырылдап, өтіп барасың. Көзді ашып жұмғанд..."
author: "Aikosmuz"
published: "2013-10-30T05:45:40+00:00"
modified: "2013-11-18T05:21:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayran-shirkin-mir-ay-382586"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayran-shirkin-mir-ay-382586/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қайран шіркін өмір-ай

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Қайран шіркін өмір-ай, Зырылдап, өтіп барасың. Көзді ашып жұмғанд...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

 

Қайран шіркін өмір-ай,

Зырылдап, өтіп барасың.

Көзді ашып жұмғандай,

«Береке», «Бақыт» - қайдасың?

 

Қайран шіркін заман-ай,

Қалт-құлт еткен арман-ай.

Жүректе жатқан зарымды,

Қиналып тағы айта алмай.

 

Түсінер мені барма екен,

Жылаумен өткен түндер-ай?

Өмірдің заңы сол ма екен,

Жолдасым болды «Түн» мен «Ай»?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayran-shirkin-mir-ay-382586](https://yvision.kz/kk/post/ayran-shirkin-mir-ay-382586)