---
title: "Қайран сезім, жүрегім, жарығым-ай..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Francis Goya Emmanuel guitar versionБейнематериал авто..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-05-15T08:14:41+00:00"
modified: "2018-05-15T08:14:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayran-sezim-zh-regim-zhary-ym-ay-804369"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayran-sezim-zh-regim-zhary-ym-ay-804369/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қайран сезім, жүрегім, жарығым-ай...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Francis Goya Emmanuel guitar versionБейнематериал авто...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Francis Goya Emmanuel guitar version

Бейнематериал авторы – LiLoveLi

Өңдегендер – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Алданбаймын, мен уақытша, жұбанышқа,

Керегі жоқ құрақтың, жыртығыма.

Кейбіреулер тиеді, намысыма,

Мынау жанымды ауыртып, жұдырғына.

Қайран сезім, жүрегім, жарығым-ай,

Қалай ғана тұрамын, сені ойламай.

Қашықтағы қуаныш, арманым-ай,

Әнге оралған сезімім, бақ құсымай.

Жетемін бе алыстан, жетпеймін бе,

Оралам ба көктемге, күзді тастап?

Көгерем бе гүлденіп, көксеймін бе,

Бір өзіңе бет алсам, жолды бастап?

Сағынамын, аңсаймын, әнге салып,

Арманымды, ақ еділдей төгілген.

Айыра көрме сезімнен, мұңды алып,

Біз егізбіз, мен аңсармын, шөлдеген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayran-sezim-zh-regim-zhary-ym-ay-804369](https://yvision.kz/kk/post/ayran-sezim-zh-regim-zhary-ym-ay-804369)