---
title: "Қайран сезім, қарамайсың сен жасқа..."
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Әнін жазған: А.Чойбекова Әуенді орындаған – Айбек Бек..."
author: "Aikosmuz"
published: "2017-11-04T06:15:03+00:00"
modified: "2017-11-04T06:15:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayran-sezim-aramaysy-sen-zhas-a-783876"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayran-sezim-aramaysy-sen-zhas-a-783876/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қайран сезім, қарамайсың сен жасқа...

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Әнін жазған: А.Чойбекова Әуенді орындаған – Айбек Бек...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Әнін жазған: А.Чойбекова**

**Әуенді орындаған – Айбек Бекбосын**

**Бейнематериал авторы – Токтобубу Чирикчиева**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

**Вконтакте – [https://vk.com/public56982889](https://vk.com/public56982889)**

 
 
 
 

Қайран сезім, қарамайсың сен жасқа,

Мас қыласың, кәрініде-жасында.

Сүйдіресің-күйдіресің отыңа,

Дастан болған, махаббатым халқыма.

 

Қайран сезім, күнмен-түнді теңеген,

Асар тауды, биіктерді көрсеткен.

Жамандарды, жақсы қылып өзгерткен,

Мәнгі көктем, бар деп, бірден сендірткен.

 

Қайран сезім, мөлдірсің-ау бұлақтай,

Қандырамыз шөлімізді, бір тоймай.

Оңды-соңды, ажыратып қарамай,

Мас боламыз, бұл сезімге, ойланбай.

 

Келгеніме, маған сезім, сұрамай?

Қорқып едім, қалама деп, бұйырмай.

Баурап алып, сан құбылттың шіркін-ай,

Неге маған, кеш кездестің, сезім-ай.

 

Арамызда жылдар бар, оны қайтем?

Тапсақтағы өткелді, тұрақты ма?

Мен келермін түсіңе, сосын кетем,

Ондан басқа амалым, айтшы, бар ма?

 

Үмітімді қайтейін, алға тартқан,

Бақытсың ба, әлде маған бұйырған?

Барамын-ау неге құлап, мен жардан.

Сүйемін деп айтуға, неге қорқам тағдырдан?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayran-sezim-aramaysy-sen-zhas-a-783876](https://yvision.kz/kk/post/ayran-sezim-aramaysy-sen-zhas-a-783876)