---
title: "«Қайнар» колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіг..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-09-22T22:31:48+00:00"
modified: "2015-09-22T22:31:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aynar-kolledzhinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-545762"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aynar-kolledzhinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-545762/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қайнар» колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіг...

![«Қайнар» колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/Ts7vkLaca7vkgB5V2zsX8IZO5Is4AM.jpg)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **21 қыркүйегінде «Қайнар» колледжінде оқу орындарында** сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы **Ербол Жұмабай** оқытушылар мен студенттерге іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Өз кезегінде Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты **Ақмарал Сванбаева** «Кешенді құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлық түсінігі және жемқорлыққа төзбеушілік идеясы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік басқарудың реформасы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Этика және мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» тақырыптарында дәріс оқыды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының [www.anticorruption-mangystau.kz](http://www.anticorruption-mangystau.kz) ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aynar-kolledzhinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-545762](https://yvision.kz/kk/post/aynar-kolledzhinde-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-seminar-545762)