---
title: "Аймақтағы референдум учаскелерінде ардагер педагогтарды мерекемен құттықтады"
description: "Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Тарихи оқиға қазанның бірінші жексенбісінде атап ?..."
author: "journalist_n"
published: "2024-10-07T09:11:02+00:00"
modified: "2024-10-07T09:11:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aymaktagy-referendum-uchaskelerinde-ardager-pedagogtardy-merekemen-kuttyktady-1007765"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aymaktagy-referendum-uchaskelerinde-ardager-pedagogtardy-merekemen-kuttyktady-1007765/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аймақтағы референдум учаскелерінде ардагер педагогтарды мерекемен құттықтады

> Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Тарихи оқиға қазанның бірінші жексенбісінде атап ?...

**Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Тарихи оқиға қазанның бірінші жексенбісінде атап өтілетін Ұстаздар күнімен тұспа-тұс келіп отыр,- деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. ** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/33d8241f56d32a3485407558a0044040.jpg?width=1280&height=1280) Атырау облысының референдум учаскелерінде дауыс берушілердің арасында білім беру саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар да бар. Кәсіби мерекеге орай дауыс беру учаскелерінде шағын салтанатты іс-шаралар өтеді. Ардагерлерді мерекесімен құттықтап, оларға көп жылдық еңбегі мен аймақтың дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хат беріледі. Келешек ұрпаққа сапалы білім беріп, тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар ел үшін осындай маңызды референдумға қатысудың маңызын айтып, жастар тәрбиешісі ретіндегі дауысы демократиялық процестің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aymaktagy-referendum-uchaskelerinde-ardager-pedagogtardy-merekemen-kuttyktady-1007765](https://yvision.kz/kk/post/aymaktagy-referendum-uchaskelerinde-ardager-pedagogtardy-merekemen-kuttyktady-1007765)