---
title: "Аймақтық жол,газ,су мәселелері"
description: "Байтақ ауылының беделді ауыл ақсақалдарымен онлайн транцляциясы арқылы кездесу өткізді. Кездесу бары..."
author: "hobdy.nurotan.kz"
published: "2021-01-04T13:43:06+00:00"
modified: "2021-01-04T13:43:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-zhol-gaz-su-m-seleleri-908642"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-zhol-gaz-su-m-seleleri-908642/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аймақтық жол,газ,су мәселелері

> Байтақ ауылының беделді ауыл ақсақалдарымен онлайн транцляциясы арқылы кездесу өткізді. Кездесу бары...

Байтақ ауылының беделді ауыл ақсақалдарымен онлайн транцляциясы арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында ұсыныс-тілектер мен шағымдары тыңдалып, ойларында жүрген сұрақтарына жауап алды. Қойылған сұрақтардың ішінде жол мен газ таза су мәселелері толығырақ түсіндірілді.

Жолдардың сапасын жақсарту мақсатында:

Жол - әр ауданның өмірінің басты артериясы. Барлық ауылдарда сапалы жолдар және азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы керек. Ауылішілік жолдардың ұзындығы 153,3 км құрайды, оның 15,1 км немесе 10,2% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Алдағы бес жылда жолдардың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту жоспарлануда:

Ауылдарға кіреберіс жолдарды күрделі жөндеуге:

· 2021ж – 15,8 км (Бесқұдық а., Бестау а.);

· 2022ж – 14,6 км (И.Білтабанов атындағы ауыл);

· 2023ж– 7,96 км ( Терісаққан ауылы);

· 2024ж –29,15км (Жарсайа., Беғалы а.);

· 2025ж – 34,0км (Сарбұлақ а., Өтек а.).

Ауылішілік жолдардың орташа жөндеуін жүргізуге:

· 2021ж– 5,7 км (Абай, Көпжасаровтар, Білтабанов көшелері, Кошелев және Есебулатов тұйық көшелері);

· 2022ж–2,6км Талдысай ауылы (А.Молдагулова, Абат-Байтақ көшелері);

· 2023ж - 5,1 км Бесқұдық ауылы (Қазақстан, Қосжанов көшелері), Жиренқопа ауылы (А.Молдағұлова көшесі);

· 2024 ж- 2,2 км Бестау ауылы (Астана көшесі), Алия ауылы (Байғанин көшесі);

· 2025ж - 3,1 км Ақырап ауылы, Білтабанов ауылы.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 10%-дан 52%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Таза ауыз сумен және орталықтандырылған газбен қамтамасыз етеміз.

Бүгінгі таңда Қобда ауданында 31 ауылдық елді мекеннің 14 -і немесе 45,2% орталықтандырылған сумен , 25,8% немесе 31 ден 8-і - газбен қамтамасыз етілген.

“Nur Otan” партиясы 2025 жылға дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуді, сондай-ақ ауылдардың үштен бірінен астамын газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

200-ден астам адам тұратын ауылдарда орталықтандырылған су құбырлары салынады, ал қалғандарында (200 тұрғынға дейін) суды тазартатын кешенді модуль блоктар орнатылады.

Су және газбен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді қояды:
- 3 ауылда орталықтырылған сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын жүргізу :

· 2022 жылы – Жарық ауылы.

· 2023 жылы - Жаңаталап ауылы.

· 2024 жылы - Бұлақ ауылы.

-200 тұрғынға дейін 9 ауылда кешенді блок-модульдерді орнату:

· 2022ж –Қосөткел ауылы.

· 2022ж –Байтақ ауылы.

· 2022ж – Ақсай ауылы.

· 2022ж –Қанай ауылы.

· 2022ж –Қаракемір ауылы

· 2022ж – Құрсай ауылы.

· 2022ж – Көк үй ауылы.

· 2022ж – Соғалы ауылы.

· 2022ж – Қоғалы ауылы.

- 5 ауылда газбен жабдықтау нысандарының құрылысын жүргізу:

· 2021ж– Сарбұлақ ауылы.

· 2024ж - Терісақан ауылы.

· 2024ж - Жарсай ауылы.

· 2024ж - Жаңаталап ауылы.

· 2025ж– Жиренқопа ауылы.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 16 мың адам немесе аудан тұрғындарының 84% сапалы ауыз сумен қамтылады. Газбен 8 мың адам немесе ауылдардың 42% қамтылады.

![Аймақтық жол,газ,су мәселелері](https://storage.yvision.kz/images/user/443439/47ce5cac827b03f102c4ad84f522b5.png)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-zhol-gaz-su-m-seleleri-908642](https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-zhol-gaz-su-m-seleleri-908642)