---
title: "Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі 1-күн"
description: "Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі 1-күн «Тарих тармағымен – болашаққа қадам» аймақты..."
author: "CRMI"
published: "2015-08-18T02:48:49+00:00"
modified: "2015-08-18T02:48:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-zhas-k-shbasshylar-mektebini-k-ndeligi-1-k-n-530990"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-zhas-k-shbasshylar-mektebini-k-ndeligi-1-k-n-530990/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі 1-күн

> Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі 1-күн «Тарих тармағымен – болашаққа қадам» аймақты...

**Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі**

**1-күн**

«Тарих тармағымен – болашаққа қадам» аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің алғашқы күні қызыққа толы (қанық) әрі жемісті өтті.

Тіркеу Жастарға қызмет көрсету орталығында өткізіліп, содан соң қатысушылар «Черноярская жемчужина» демалыс орнына келді. Кейін салтанатты ашылу рәсімінде ЖКМ қатысушыларын Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нефедова Н.В. және қалалық маслихат депутаты, «Жасыл Ел» облыстық жастар еңбек жасақ штабының басшысы Рахат Каппасов қошеметтеді. Қатысушыларды топтарға (қағанаттарға): Ұлы Жүз, Орта Жүз, Кіші Жүздерге бөлу ең басты бөлімі болды. Бөлу қолды сканерлеу мен компьютердің кездейсоқ таңдауы арқылы өтті. Осы үш күн бойы әр жүзге өзінің тобын ілестіру үшін куратор белгіленді. Салтанатты ашылу рәсімі мен алдыңғы бағдарламамен танысу өткізілгеннен кейін, әр топқа өз жүзін сағат 19:00-де сарапшылар назарына ұсыну үшін таныстыруға уақыт берілді. Аталған сайыс нәтижесі бойынша бірінші орын Орта Жүз тобына берілді.

Кейін қатысушыларға «Қазақ хандығының 550-жылдығы» тақырыбындағы сұрақтардан тұратын «Қыз қуу» ойыны ұсынылды. Кеш «Бастаңғы» билеу алаңымен жалғастырылды.

Күннің соңында барлық қатысушылар Достық ордасында тек қосылып ән шырқап қоймай, сонымен бірге өткен күн жайлы өз ойларымен бөлісті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-zhas-k-shbasshylar-mektebini-k-ndeligi-1-k-n-530990](https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-zhas-k-shbasshylar-mektebini-k-ndeligi-1-k-n-530990)