---
title: "Аймақтық кәсіпкерлер палатасында дәрі-дәремек бағасының мәселесі жан-жақты талқыланды"
description: "Ағымдағы жылғы 18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, фармац..."
author: "finpolsko"
published: "2015-11-23T21:56:53+00:00"
modified: "2015-11-23T21:56:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-k-sipkerler-palatasynda-d-ri-d-remek-ba-asyny-m-selesi-zhan-zha-ty-tal-ylandy-662211"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-k-sipkerler-palatasynda-d-ri-d-remek-ba-asyny-m-selesi-zhan-zha-ty-tal-ylandy-662211/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аймақтық кәсіпкерлер палатасында дәрі-дәремек бағасының мәселесі жан-жақты талқыланды

> Ағымдағы жылғы 18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, фармац...

![Аймақтық кәсіпкерлер палатасында дәрі-дәремек бағасының мәселесі жан-жақты талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/e5rVjBOYNKRF66Tbm6DSZi0IXYkdQb.jpg)

Ағымдағы жылғы 18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, фармацевтикалық кәсіп мәселелерін талқылау үшін өңірлік Фармацевтер ассоциациясының Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, ұйымдастырған дөңгелек үстелі отырысына қатысты. Ең алдымен тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі облыстық басқарманың өкілдері коммуналдық сала нысандарындағы санитарлық жағдай жайында мәселе қозғады. Бас прокуратураның құқықтық статистика және ақпарат бойынша Комитетінің аға прокуроры «бизнес тірегі» интернет-порталымен таныстыру барысында, мемлекеттік органдардың тексерісі кезіндегі кәсіпкерлердің құқықтарын түсіндірді. Ал бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - дәрі-дәрмек бағаларының шарықтауы жайында түрлі пікірлер айтылды. Осыған орай, «Солтүстік Қазақстан фармацевтикалық ұйымдар ассоциациясы» ЗТБ атқарушы директоры Т.И. Анохина фармбизнесті реттейтін, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруді ұсынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, жиынға қатысушыларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның басым бағыттары, жемқорлық құқық бұзушылық үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік нормалары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы бұзғаны үшін қарастырылған тәртіптік жаза, сонымен қатар кәсіпкерлердің құқықтарын жедел қорғау үшін Департаменттің арнайы құрылған интернет-ресурстары «СҚО кәсіпкерлігін қорғау», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум алаңымен» таныстырды. Кездесуді түйіндеген фармацевтикалық бизнес өкілдері, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдағы жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері жөніндегі Ынтымақтастық туралы ашық келісіміге еңбек ұжымдарын, қоғамдық ұйымдарды, облыстың беделді азаматтарын шақыру бастамасына оң бағаларын берді. Сөздерінің дәлелі ретінде ассоциацияның атқарушы директоры Т.И. Анохина өңірлік фармацевтер атынан Келісімге қол қойды. Айта кету керек, аталмыш пікір алаңында Аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ж.А. Қазиев модераторлық атқарды.

![Аймақтық кәсіпкерлер палатасында дәрі-дәремек бағасының мәселесі жан-жақты талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/xnlLnESQMzAaJ8Ll8SDH8RiRcaKz8e.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-k-sipkerler-palatasynda-d-ri-d-remek-ba-asyny-m-selesi-zhan-zha-ty-tal-ylandy-662211](https://yvision.kz/kk/post/ayma-ty-k-sipkerler-palatasynda-d-ri-d-remek-ba-asyny-m-selesi-zhan-zha-ty-tal-ylandy-662211)