---
title: "«Айгөлектің» концертін көріңіз"
description: "Бүгін сағат 12:05-те Ұлттық арнада. Балалардың музыкалық мәдениетін дамытуға арналған «Айгөлек» кон..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-07T23:50:57+00:00"
modified: "2015-11-07T23:50:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayg-lekti-koncertin-k-ri-iz-635730"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayg-lekti-koncertin-k-ri-iz-635730/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Айгөлектің» концертін көріңіз

> Бүгін сағат 12:05-те Ұлттық арнада. Балалардың музыкалық мәдениетін дамытуға арналған «Айгөлек» кон...

Бүгін сағат 12:05-те Ұлттық арнада.

![«Айгөлектің» концертін көріңіз](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/Vg3p23G4Vr64YTDx10AdpQ1f0c3iBC.png)

Балалардың музыкалық мәдениетін дамытуға арналған «Айгөлек» концерттік жобасының өтіп келе жатқанына біраз болды. Талай бүлдіршіннің жұлдызының жануына мүмкіндік берген жобаға қызығушылар да көп.

Байқаудың мақсаты - балалардың бойында көркемдік-эстетикалық талғам қалыптастырып, олардың шығармашылығының дамуына атсалысу.

Қатысушылар «Бүлдіршіндер әні», «Жасөспірімдер әні», «Вокалдық топ», «Дәстүрлі ән» және «Би» аталымдары бойынша сынға түседі.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:05-те «Айгөлек» қатысушыларының спорт тақырыбына арналған концертін көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayg-lekti-koncertin-k-ri-iz-635730](https://yvision.kz/kk/post/ayg-lekti-koncertin-k-ri-iz-635730)