---
title: "Әйелдер саясаты: Қоғамдағы өзгерістерге қадам"
description: "Астанада стратегиялық сессия аясында «Әйелдер көшбасшылығы орталығында» Қазақстандағы гендерлік теңдікті дамыту тақырыбында тренинг ?..."
author: "journalist_n"
published: "2024-10-21T05:33:30+00:00"
modified: "2024-10-21T05:33:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayelder-sayasaty-kogamdagy-ozgeristerge-kadam-1008007"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayelder-sayasaty-kogamdagy-ozgeristerge-kadam-1008007/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әйелдер саясаты: Қоғамдағы өзгерістерге қадам

> Астанада стратегиялық сессия аясында «Әйелдер көшбасшылығы орталығында» Қазақстандағы гендерлік теңдікті дамыту тақырыбында тренинг ?...

**Астанада стратегиялық сессия аясында «Әйелдер көшбасшылығы орталығында» Қазақстандағы гендерлік теңдікті дамыту тақырыбында тренинг өтті. **

Шараға Астана қаласы әйелдер ісі жөніндегі Комиссия мүшелері, астаналық үкіметтік емес ұйымдар, «Әйелдер күші Альянсы» мен халықаралық CIPE ұйымының өкілдері қатысты.

Астана қаласы әкімі аппаратының жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспектор-хатшысы Қарлығаш Саркенованың сөзінше, «Әйелдер күші Альянсымен» бірге оқу орындарында клубтар ашылмақ.

Астана қаласының «Әйелдер күші Альянсы» заңды тұлғалар ұйымының төрайымы Назгүл Мақжанованың айтуынша, трениң жаңа білім алуға және тәжірибе алмасу үшін кеңістік құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұйымның 5 жылдық жұмыс нәтижесі бойынша, партиялық тізімдегі әйелдер үшін 30%-дық квота енгізілуіне бастамашы болып, соған қол жеткізгенін жеткізді.

Бұдан бөлек, басқосуда елдегі және әлемдегі трендтер мен Қазақстандағы гендерлік теңдіктің стратегиялық дамуын талқылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayelder-sayasaty-kogamdagy-ozgeristerge-kadam-1008007](https://yvision.kz/kk/post/ayelder-sayasaty-kogamdagy-ozgeristerge-kadam-1008007)