---
title: "«Айбын» орденінің әр дәрежесіне батырлардың есімдері..."
description: "Мәжіліс «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» заңға түзетулерді қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді. Фото: kazpravda.kz Ержүрек жауынгерлердің ерліктерін мәңгі есте қалдыру мақсатында аталған заңға Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-17T09:20:18+00:00"
modified: "2024-04-17T09:20:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aybyn-ordenini-r-d-rezhesine-batyrlardy-esimderi-beriledi-1003551"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aybyn-ordenini-r-d-rezhesine-batyrlardy-esimderi-beriledi-1003551/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Айбын» орденінің әр дәрежесіне батырлардың есімдері...

> Мәжіліс «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» заңға түзетулерді қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді. Фото: kazpravda.kz Ержүрек жауынгерлердің ерліктерін мәңгі есте қалдыру мақсатында аталған заңға Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және...

*Мәжіліс «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» заңға түзетулерді қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/0aa8afeeacaaa0943dbc35e3791282.jpg) Фото: kazpravda.kz

Ержүрек жауынгерлердің ерліктерін мәңгі есте қалдыру мақсатында аталған заңға Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін «Айбын» орденінің түрлі дәрежелеріне беру жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатыр.

Атап айтқанда, орденнің бірінші дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің, екінші дәрежесіне — Бауыржан Момышұлының, үшінші дәрежесіне — Рахымжан Қошқарбаевтың есімі берілмек.

Бұл түзетулер мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Оларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың биыл 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» аты үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депуаттар ұсынды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aybyn-ordenini-r-d-rezhesine-batyrlardy-esimderi-beriledi-1003551](https://yvision.kz/kk/post/aybyn-ordenini-r-d-rezhesine-batyrlardy-esimderi-beriledi-1003551)