---
title: "Аяулы анамның туған күні!!!"
description: "Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам мені..."
author: "Aika-1992"
published: "2011-05-02T10:02:53+00:00"
modified: "2011-05-08T06:32:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayauly-anamny-tu-an-k-ni-151370"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayauly-anamny-tu-an-k-ni-151370/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аяулы анамның туған күні!!!

> Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам мені...

**Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз!!!**

![Аяулы анамның туған күні!!!](http://storage.yvision.kz/images/user/aika-1992/1tO2Uft7dUwM1wUR3CUkw2Lv69iyBz.jpg)

**Батыр да туған анадан, ақан да туған анадан,**

**Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.**

**Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,**

**Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам.** **Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген.** **Тілін алсам - айналған, күнәм болса - өшірен. ** **Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын!** **Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем - жылапсың,** **Шыңға шықсам - қуанып, мен құласам - құлапсың,** **Ақ анашым, анашым, сенбей бар ма жанашыр.** ** ** **МЕН СІЗДІ ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМ!!!**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayauly-anamny-tu-an-k-ni-151370](https://yvision.kz/kk/post/ayauly-anamny-tu-an-k-ni-151370)