---
title: "Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа - 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті"
description: "28 сәуір күні Аягөз ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық әрі патриоттық акция ұйымдастырылды.Іс..."
author: "journalist_n"
published: "2025-04-28T10:42:07+00:00"
modified: "2025-04-28T10:42:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayagozde-uly-zhenistin-80-zhyldygyna-oray-80-zhyldykka-80-agash-ekologiyalyk-akciyasy-otti-1013695"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayagozde-uly-zhenistin-80-zhyldygyna-oray-80-zhyldykka-80-agash-ekologiyalyk-akciyasy-otti-1013695/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа - 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті

> 28 сәуір күні Аягөз ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық әрі патриоттық акция ұйымдастырылды.Іс...

**28 сәуір күні Аягөз ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық әрі патриоттық акция ұйымдастырылды.**

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/4cea0c751b4acf13fd00364cff139c69.jpg?width=4032&height=3024)

Іс-шараның мақсаты – ардагерлердің ерлігін мәңгі есте сақтау, жастардың отансүйгіштік рухын және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ аудан экологиясын жақсартуға үлес қосу.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/9757aa0330ad6d60a95577ccbd2c0275.jpg?width=4160&height=3120)

Акцияға 300-ге жуық адам – ардагерлер, мектеп оқушылары, еріктілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындары белсене қатысты. Акция бейбіт өмірдің, жасампаздықтың және ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/088d76a21a00097b5b8a0b3669a5389f.jpg?width=4160&height=3120)

Шарада Аягөз аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Ахмешов сөз сөйледі.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/b0987dab3c94c163afdec731951771ea.jpg?width=4032&height=3024)

– Жеңістің 80 жылдық мерейтойы – жай ғана тарихи дата емес, ол – ұрпақтар арасындағы көпір. Бүгін біз ата-бабаларымыздың ерлігін тек сөзбен ғана емес, іспен де құрметтеп жатырмыз. Отырғызылған әрбір ағаш – табиғатқа деген құрметтің белгісі, батырларға тағзым және болашаққа қосылған үлес. Халқымызда «Атадан мал қалмасын, тал қалсын» деген даналық сөз бар. Бүгін отырғызылған әр ағаш – ертеңгі жасыл орманның бастауы, – деді ол.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/383567680b2b16ed2e0e72a189a7a3b8.jpg?width=4160&height=3120)

Акция «Жасыл аудан — жарқын болашақ!» ұранымен өтті.

Ардагерлер мен жастардың бірлескен еңбегі тарихқа деген құрмет пен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жарқын үлгісі болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayagozde-uly-zhenistin-80-zhyldygyna-oray-80-zhyldykka-80-agash-ekologiyalyk-akciyasy-otti-1013695](https://yvision.kz/kk/post/ayagozde-uly-zhenistin-80-zhyldygyna-oray-80-zhyldykka-80-agash-ekologiyalyk-akciyasy-otti-1013695)