---
title: "Аягөзде \"Таза Қазақстан\" акциясын белсенді жастар жалғастырып жатыр"
description: "Абай облысының Аягөз ауданында \""
author: "orazali"
published: "2024-07-01T12:33:16+00:00"
modified: "2024-07-01T12:33:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayag-zde-taza-aza-stan-akciyasyn-belsendi-zhastar-zhal-astyryp-zhatyr-1006137"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ayag-zde-taza-aza-stan-akciyasyn-belsendi-zhastar-zhal-astyryp-zhatyr-1006137/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аягөзде "Таза Қазақстан" акциясын белсенді жастар жалғастырып жатыр

> Абай облысының Аягөз ауданында "

*Абай облысының Аягөз ауданында *"*Битан тау*"* аллеясын тазалау жұмыстары жүргізілді.*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/0321a741098f6c9f706e87fed37c370e.jpg)

Акцияның негізгі мақсаты – жастардың назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне аудару, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Шараға туған жердің тазалығын сақтауға, абаттандыруға үлес қосқан 40-тан астам жас қатысты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/478dfa9dcac113170ab9e852e84ade5b.jpg)

Белсенді жастардың өкілі Нұрилла Дәулетқызы "Таза Қазақстан" акциясына қолдау білдірді.

"Қаламызда апта сайын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Осындай шаралардың арқасында біз өскелең ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті сіңіріп жатырмыз. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты еңбекке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бүгінгі акцияға жастардың белсенді қатысуы үлкен көрсеткіш деп ойлаймын", – дейді Нұрилла Дәулетқызы.

Ауданда "Таза Қазақстан" республикалық экоакциясы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар жалғасын таба бермек.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/9d5b5f64c745437578b702d259339f8e.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ayag-zde-taza-aza-stan-akciyasyn-belsendi-zhastar-zhal-astyryp-zhatyr-1006137](https://yvision.kz/kk/post/ayag-zde-taza-aza-stan-akciyasyn-belsendi-zhastar-zhal-astyryp-zhatyr-1006137)