---
title: "Ай Өкінішті!!!!"
description: "Кеше бокстан олимпиада ойындарының ширек финалдары өтті. Қазақ боксшыларынан 3-еуі шаршы алаңға шы..."
author: "aidos_22"
published: "2012-08-09T05:40:45+00:00"
modified: "2012-08-09T05:40:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ay-kinishti-252679"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ay-kinishti-252679/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ай Өкінішті!!!!

> Кеше бокстан олимпиада ойындарының ширек финалдары өтті. Қазақ боксшыларынан 3-еуі шаршы алаңға шы...

Кеше бокстан олимпиада ойындарының ширек финалдары өтті. Қазақ боксшыларынан 3-еуі шаршы алаңға шығып, тек соның 1-еуі ғана жартылай финалға өткені өкінішті.

Бірінші болып 49-кг салмақ дәрәжесіндегі жерлесіміз Б. Жақыпов қытайлық Ши Миньге қарсы шықты. Қытайлықтан жерлесіміз алдын 5 рет кездесіп 5 рет жеіңлген. Бірақ үміт болды, жерлесіміз жеңеді деген..... 1-раунд тең дәрежеде өтті, қалған 2-ші мен 3-ші раундта жерлесіміз қытайлықты қуып жүріп сабады. Соққылары да айқын болып жатты.... бірақ есеп 13:10 қытайлықтың пайдасына....Төрешілердің қытайлыққа ұпайды қайдан алып қойып жатқанын түсінбедім, менің пікірімше жерлесіміз бол жолы ұтып еді!!! Төрешілірдің бүйрегі бұрды **қытайлыққа**......Ай Өкінішті!!!

![Жакыпов Биржан](https://storage.yvision.kz/images/user/aidos_22/5rR5SEwS7D28wSb2YWBm2hvNbQd6iO.jpg)

Келесі Болып 64 кг салмақтағы отандасымыз Д. Елеусінов көтірілді. 1-ши айналымда америкалық қарсыласын 19-9 қылып оңай ұтқан Даниярды ЧЕМПИОН болады деп ойладық. Оған себеп те бар еді: оның бойынан боксшыға тән жылдамдық, аяқта жүру, ауыр соққы т.б барлығы бар. Оның кешегі қарсыласы италияндық боксшы болды. Алғашқы 2 раундта Елеусінов қарсыласын жаңбарша жауған дөп соққыларының астына алды. Бірақ 2 раунд қорытындысы бойынша италияндық 9:7 есебімен алда тұрды. Төрешілер ұпайды қайдан қосып жатты?! Қарапайым көрермен ретінде бізге де теледидардан көз алмай қарап отырған бізге де көріну керек емес пе?! 3 раунда Данияр ұтылса ұтылған шығыр, алғашқы 2 раундты дұрыс есептегенде Данияр жартылай финалға шығатын еді! Ай, өкінішті...............

![Ай Өкінішті!!!!](https://storage.yvision.kz/images/user/aidos_22/2R0za7AYmEg3iKAZ29k9o5c6GJ96dh.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ay-kinishti-252679](https://yvision.kz/kk/post/ay-kinishti-252679)