---
title: "Автобуста болған қызық жағдай"
description: "(Суреттің бұл оқиғаға қатысы жоқ) Қоғамдық көлікте жолаушылардан тексеруші төлем жасамаған бір қызды анықтады да: - Қашан отырдыңыз? - Басынан... - Студентсіз бе? Қыз: - Жоқ, 25-темін. - Неге сонша аялдамадан бері әлі төлем жүргізілмеген?! - Смс-пен..."
author: "orazali"
published: "2024-05-15T04:09:15+00:00"
modified: "2024-05-15T04:27:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/avtobusta-bol-an-yzy-zha-day-1004636"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/avtobusta-bol-an-yzy-zha-day-1004636/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Автобуста болған қызық жағдай

> (Суреттің бұл оқиғаға қатысы жоқ) Қоғамдық көлікте жолаушылардан тексеруші төлем жасамаған бір қызды анықтады да: - Қашан отырдыңыз? - Басынан... - Студентсіз бе? Қыз: - Жоқ, 25-темін. - Неге сонша аялдамадан бері әлі төлем жүргізілмеген?! - Смс-пен...

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/709ef1f838f4fcb8b9a749735cfe14.jpg)

*(Суреттің бұл оқиғаға қатысы жоқ)*

Қоғамдық көлікте жолаушылардан тексеруші төлем жасамаған бір қызды анықтады да:

- Қашан отырдыңыз?

- Басынан...

- Студентсіз бе?

Қыз:

- Жоқ, 25-темін.

- Неге сонша аялдамадан бері әлі төлем жүргізілмеген?!

- Смс-пен жіберу үшін бағаналы теріп келе жатырмын, жүйеде қателік болып қабылдамай тұр.

Тексеруші әйел:

- Тәк, бойжеткен қыз, бұлай болмайды! Қане, түсейік... Айыппұл толтырасыз.

- Жоқ, түспеймін. Менің не кінәм бар?! Жүйе дұрыс жұмыс істемей тұр. Істесе төлеймін қазір...

- Олай болмайды, түсіңіз деймін. Бір-біріміздің уақтымызды алмайық!..

- Түспеймін!

Дәл осы кезде түрегеп тұрған қызға таяу орында отырған отыздар шамасындағы жігіт төлем тексеруші әйелге телефонын көрсетіп:

- Міне, ол қыз үшін осы кез мен төлей салдым. Болды, қоя салыңыз... - деді.

Дереу анау қыздың жүзі бал-бұл жанып, жанары күлімдеп, гүл-гүл жайнап кеткен ғой демде...

Ал әйел:

- Жарайды, жолақы үшін кіре сала төлеу керек, негізі... - деді де автобустан түсуге оқтала берді.

Қыз бала күлімдеп:

- Ағай, көп рақмет! Сіз болмасаңыз... - дей беріп еді...

Жігіт:

- Дап-дардай, әп-әсем қыз екенсің, қарындасым! Көптің арасында дауға қалдырғым келмеді, жай ғана... Рақмет демей-ақ қой, 100 теңгені Каспиіме жібере салшы...

- деді.

Анау қыз сөзден қалып:

- Әрине, қазір, қазір... -- деп телефонын қолына ала берді.

(Жігіт бір-екі аялдамадан соң түсіп қалды.)

[Ақ-Зия Жайлы](https://www.facebook.com/ag.ziya?__cft__[0]=AZUxgY20UIiLLL_0x8DVq_XgW3-H1GhMLZOTIybkCN-zZhmXw8_PamyzOdJU3d4OsAC9HvxsWlJ8dsA8qNrV-F0t1cCKq1ORxMyEXboiRVJvOueG_YyuL7YCidGit7lVD-cjPP0wJru7DMW2rrd2Df3W8ax9RjRfa5vOVdpkREWfOg&__tn__=-UC%2CP-R)**ның жазбасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/avtobusta-bol-an-yzy-zha-day-1004636](https://yvision.kz/kk/post/avtobusta-bol-an-yzy-zha-day-1004636)