---
title: "Автобус түсіп кеткен алып шұңқырдан 5000 текше метр топырақ пен тау жыныстары қазып алынған"
description: "Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен аумағында болған қайғылы оқиғадан кейін атқарылып..."
author: "orazali"
published: "2024-01-06T11:25:19+00:00"
modified: "2024-01-06T11:29:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/avtobus-t-sip-ketken-alyp-sh-yrdan-5000-tekshe-metr-topyra-pen-tau-zhynystary-azyp-alyn-an-999616"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/avtobus-t-sip-ketken-alyp-sh-yrdan-5000-tekshe-metr-topyra-pen-tau-zhynystary-azyp-alyn-an-999616/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Автобус түсіп кеткен алып шұңқырдан 5000 текше метр топырақ пен тау жыныстары қазып алынған

> Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен аумағында болған қайғылы оқиғадан кейін атқарылып...

Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен аумағында болған қайғылы оқиғадан кейін атқарылып жатқан жұмыстарды біз бақылауда ұстап отырмыз.

![Автобус түсіп кеткен алып шұңқырдан 5000 текше метр топырақ пен тау жыныстары қазып алынған](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/eee499ca7d9c98c24a30c8d4d868ca.jpg)

Ал облыс әкімі Асайын Байханов әлі оқиға орнында жүр екен. Ол жәй жүрмей, сол жерде журналистің міндетін ойдағыдай атқарап, жұртқа ақпарат таратып отыр. Өңір басшысы Instagram-дағы жеке парақшасына күн құрғатпай видео жариялауда. «Кеше жедел штаб мамандандырылған техниканы опырылған жерге түсіру үшін шамамен 120-130 метр тереңдікке траншея қазу туралы шешім қабылдады. Кеше опырылған жердің түбіне техниканы түсіру үшін өткел дайындау басталды. Бұл жұмыстарға 3 экскаватор, 2 тиегіш, 2 бульдозер жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізілуде. 5 мың текше метрге жуық топырақ пен тау жыныстары қазылып, шығарылды», – дейді Павлодар облысының әкімі.

Мұндағы іздеу жұмыстарына барлығы 134 адам, 37 бірлік техника, 3 кинологиялық жұп және 2 дрон тартылған.

Айта кетейік, Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ кенішінің аумағында жер опырылып, тереңдігі 150 метр болатын шұңқырға автобус түсіп кеткен еді. Көлікте төрт адам (жүргізуші мен 3 құтқарушы) болған. Екі құтқарушының денелері табылды. Ал бір құтқарушы мен жүргізуші әлі іздестірілуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/avtobus-t-sip-ketken-alyp-sh-yrdan-5000-tekshe-metr-topyra-pen-tau-zhynystary-azyp-alyn-an-999616](https://yvision.kz/kk/post/avtobus-t-sip-ketken-alyp-sh-yrdan-5000-tekshe-metr-topyra-pen-tau-zhynystary-azyp-alyn-an-999616)