---
title: "Австрия EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын растады"
description: "60 мемлекет және 13 халықаралық ұйым Астана EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысат..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-12-22T02:54:33+00:00"
modified: "2015-12-22T02:54:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/avstriya-expo-2017-k-rmesine-atysatyndy-yn-rastady-669348"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/avstriya-expo-2017-k-rmesine-atysatyndy-yn-rastady-669348/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Австрия EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын растады

> 60 мемлекет және 13 халықаралық ұйым Астана EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысат...

60 мемлекет және 13 халықаралық ұйым Астана EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын растады.

Австрия EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын растады. Бұл халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын растаған осымен 60-шы мемлекет. Мұндай шешім Австрия Үкіметінің бірлескен отырысында қабылданып, нәтижесінде Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне Австрия Республикасы ресми нота жолдады. Осылайша, бүгінгі таңда 60 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым «Астана EXPO-2017» көрмесіне қатысатындығын ресми нақтылады.

http://gbpp.org/kz/2015/12/13053

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/avstriya-expo-2017-k-rmesine-atysatyndy-yn-rastady-669348](https://yvision.kz/kk/post/avstriya-expo-2017-k-rmesine-atysatyndy-yn-rastady-669348)