---
title: "Австралия ашық чемпионатында қазақ қызы Зарина Дияс тұңғыш рет екінші айналымға өтті"
description: "Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда чехиялық Катерина Синяко..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-01-15T02:56:27+00:00"
modified: "2014-01-15T02:56:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/avstraliya-ashy-chempionatynda-aza-yzy-zarina-diyas-t-ysh-ret-ekinshi-aynalym-a-tti-395685"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/avstraliya-ashy-chempionatynda-aza-yzy-zarina-diyas-t-ysh-ret-ekinshi-aynalym-a-tti-395685/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Австралия ашық чемпионатында қазақ қызы Зарина Дияс тұңғыш рет екінші айналымға өтті

> Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда чехиялық Катерина Синяко...

[!\[Зарина Дияс\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140114104319-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/01/20140114104319.jpg)

Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда чехиялық Катерина Синяковамен кездесіп, оны екі партияда (6:2, 6:4) ұтты.

Сөйтіп қазіргі кезде әлемдік рейтингте 163-орында тұрған Зарина қазақ қыздарынан алғаш рет әлемдегі «үлкен дулығаның» бірі — Австралия ашық біріншілігінің екінші айналымына өтті. Онда ол румыниялық Сорана Кырстя немесе жаңазеландиялық Марина Эраковичтің біреуімен кездеседі. Олардың екеуі де — К.Синяковаға қарағанда, әлдеқайда тісқаққан теннисшілер, рейтинг бойынша да жоғарыда тұр. Қазірдің өзінде осы табысымен-ақ З.Дияс өз рейтингісін көтеретіні анық.

ОРАЛ. ҚазАқпарат -Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/avstraliya-ashy-chempionatynda-aza-yzy-zarina-diyas-t-ysh-ret-ekinshi-aynalym-a-tti-395685](https://yvision.kz/kk/post/avstraliya-ashy-chempionatynda-aza-yzy-zarina-diyas-t-ysh-ret-ekinshi-aynalym-a-tti-395685)