---
title: "Ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыс турнирі"
description: "2016 жылы 22 қазан күні «Жас Отан» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруы..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-10-24T01:30:53+00:00"
modified: "2016-10-24T01:30:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyspaly-kubogine-arnal-an-pikir-sayys-turniri-720740"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyspaly-kubogine-arnal-an-pikir-sayys-turniri-720740/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыс турнирі

> 2016 жылы 22 қазан күні «Жас Отан» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруы...

2016 жылы 22 қазан күні «Жас Отан» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының XVI ауыспалы кубогіне арналған пікір-сайыстың облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Пікір-сайыс төрешілерінің қатарында Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин болды. Қатысушылар арасында қызу пікір-талас тудырған қарардың бірі – «Бұл палата Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестіктердің жұмысын қадағалауды күшейту қажет деп есептейді».

Қазақ және орыс лигалары бойынша жеңімпаз атанған командаларға Астана қаласында өтетін республикалық пікір-сайыс турниріне қатысу үшін сертификат берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auyspaly-kubogine-arnal-an-pikir-sayys-turniri-720740](https://yvision.kz/kk/post/auyspaly-kubogine-arnal-an-pikir-sayys-turniri-720740)