---
title: "Ауырып ем іздегенше..."
description: "Соңғы кезде блог тұғырында жазуға уақытым болмай жүргені рас. Оның себебі бітпейтін аурухана жыры. Б..."
author: "lonelygirl"
published: "2015-04-23T23:11:57+00:00"
modified: "2015-04-23T23:49:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyryp-em-izdegenshe-490723"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyryp-em-izdegenshe-490723/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ауырып ем іздегенше...

> Соңғы кезде блог тұғырында жазуға уақытым болмай жүргені рас. Оның себебі бітпейтін аурухана жыры. Б...

Соңғы кезде блог тұғырында жазуға уақытым болмай жүргені рас. Оның себебі бітпейтін аурухана жыры. Бір дәрігерге қаралу үшін сағат 6 болмай тұрып, кезек күтіп тұруың керек. Одан бүкіл ауру адамдармен ұрысып жүріп әйтеуір дегенде терапевт дәрігерге жетесің. Ол дәрігерге кірсең ол анау-мынау анализдерге жолдама береді. Ертеңінде сол анализдерді тапсыру үшін тағы да ұйқыңды қиып ұзақ сонар кезекте, ата-апалармен қыстырысып, одан қалса екі қабат әйелдер де бар соларды өткізіп қан тапсыруға кіресің.

Қарап отырсақ бір жерің қатты ауырса, солай ұзын сонар кезегіңді күтіп жүргенде өліп кетуің де ғажап емес. Бүгін УЗИ кабинетінің жанында асқазаны ауырыңқырап отырған қартқа көзім түсті. Ол кісі 3-4 адамнан кейін әрең дегенде кірді. Осыдан шығатын қорытынды Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінде науқастарды қарау ретке келтірілмегенін көреміз. Аурухана басшылығына да талон алу мәселесін ретке келтіріп, қан алатын мейірбике санын көбейтіп, не болмаса сондай кабинеттер санын арттыру керек сияқты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auyryp-em-izdegenshe-490723](https://yvision.kz/kk/post/auyryp-em-izdegenshe-490723)