---
title: "Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын финалдық тізімі анықталды"
description: "2014 жылдың 4-16 қарашасы аралығында Алматыда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-10-22T00:30:36+00:00"
modified: "2014-10-22T00:30:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletikadan-lem-chempionatyna-atysatyn-finaldy-tizimi-any-taldy-435201"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletikadan-lem-chempionatyna-atysatyn-finaldy-tizimi-any-taldy-435201/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын финалдық тізімі анықталды

> 2014 жылдың 4-16 қарашасы аралығында Алматыда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын ...

[!\[Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/0864dbf69b252202535cc580439ba61e-300x300.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/10/0864dbf69b252202535cc580439ba61e.jpg) 2014 жылдың 4-16 қарашасы аралығында Алматыда өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын атлеттердің финалдық тізімі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Сонымен, әйелдер арасында: 48 келі салмақ категориясында 22 жастағы Маргарита Елисеева; 53 келі салмақ категориясында 21 жастағы Зүлфия Чиншанло; 58 келі салмақ категориясында 21 жастағы Сәуле Сәдуақасова; 63 келі салмақ категориясында 21 жастағы Карина Горичева; 63 келі салмақ категориясында 29 жастағы Майя Манеза; 69 келі салмақ категориясында 21 жастағы Жазира Жаппарқұл; 69 келі салмақ категориясында 27 жастағы Гүлназ Наурызова; 75 келі салмақ категориясында 28 жастағы Светлана Подобедова; 75 келі салмақ категориясында 21 жастағы Анна Нұрмұхамбетова тұғырға шығатын болса, ерлер арасында: 56 келі салмақ категориясында 22 жастағы Арли Чонтей; 69 келі салмақ категориясында 18 жастағы Альберт Линдер; 77 келі салмақ категориясында 28 жастағы Кирилл Павлов; 77 келі салмақ категориясында 23 жастағы Медет Жүндібаев; 94 келі салмақ категориясында 26 жастағы Владимир Седов; 94 келі салмақ категориясында 21 жастағы Рүстем Сыбай; 105 келі салмақ категориясында 26 жастағы Илья Ильин; 105 келі салмақ категориясында 22 жастағы Жасұлан Қадырбаев; +105 келі салмақ категориясында 22 жастағы Ибрагим Берсанов және +105 келі салмақ категориясында 17 жастағы Селімхан Әбубакаров өнер көрсетеді. Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 4-16 қараша аралығында өтеді. Оған әлемнің 188 елінен 500-ден астам атлет қатысады деп күтілуде. Бұл Чемпионат квалификациялық сипатқа ие. Онда 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: [Жаппарберген Айбота](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/989)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletikadan-lem-chempionatyna-atysatyn-finaldy-tizimi-any-taldy-435201](https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletikadan-lem-chempionatyna-atysatyn-finaldy-tizimi-any-taldy-435201)