---
title: "Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Әйелдер – 4-ші, ерлер – Азияның үздігі"
description: "Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан атлеттерінің қоржынында 7 жүлде алды. Оның ішінде, ерлер құрамас..."
author: "aibarrysdaulet"
published: "2021-04-27T05:54:45+00:00"
modified: "2021-04-27T05:56:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletikadan-aziya-chempionaty-yelder-4-shi-erler-aziyany-zdigi-932711"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletikadan-aziya-chempionaty-yelder-4-shi-erler-aziyany-zdigi-932711/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты: Әйелдер – 4-ші, ерлер – Азияның үздігі

> Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан атлеттерінің қоржынында 7 жүлде алды. Оның ішінде, ерлер құрамас...

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан атлеттерінің қоржынында 7 жүлде алды. Оның ішінде, ерлер құрамасы жүлде саны бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Қазақстан әйелдер құрамасы үш медальмен төртінші болды.

Қазақстандық зілтеміршілер жеті медаль жеңіп алды: «Алтын» – Арли Чонтей (55 келіге дейін) «Күміс» – Абылай Әуелханов (55 келіге дейін), Карина Күзғанбаева( 81 келіге дейін), Нұрғиса Әділетұлы (89 келіге дейін) «Қола» – Екатерина Быкова (71 келіге дейін), Айзада Муптильда (+87 келіге кг), Артем Антропов (102 келіге дейін)

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов жарысты былай деп қорытындылады:

– Чемпионатқа қойылған мақсат орындалды. Тамаша нәтиже көрсеттік. Бір жылға созылған үзілістен соң жарыстың атмосферасын қайта сезіндік.

Қалай болғанда да, біз қателіктермен жұмыс жасауға дайынбыз. Жастар қуантты – кейбір балалар үшін бұл бірінші халықаралық старт болды, олар абыржымай, әрбір мүмкіндікті пайдаланды, - дейді маман.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletikadan-aziya-chempionaty-yelder-4-shi-erler-aziyany-zdigi-932711](https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletikadan-aziya-chempionaty-yelder-4-shi-erler-aziyany-zdigi-932711)