---
title: "Ауыр атлетика: Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Таиландта Ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-03-12T21:48:15+00:00"
modified: "2014-03-12T21:48:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletika-eki-aza-standy-sportshy-aziya-chempiony-atandy-404977"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletika-eki-aza-standy-sportshy-aziya-chempiony-atandy-404977/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ауыр атлетика: Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Таиландта Ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар...

[!\[Ауыр атлетика: Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140312104647-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/03/20140312104647.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Таиландта Ауыр атлетикадан 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде.

69 келіге дейінгі салмақта 18 жасар қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер жалпы көлемі 298 келі (132+166) салмақты бағындырып, жастар арасында үздік атанды. Тағы бір отандасымыз 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Әділбек Балхаев 269 келі (122+147) көтеріп, төртінші орынға ие болды. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында да Қазақстан құрамасының балғын спортшылары өздерін жақсы қырынан көрсетті. Селімхан Әбубәкіров 350 келі (160+190) көрсеткішімен 94 келіден жоғары салмақ спортшылары арасында чемпион атағын жеңіп алды. 69 келі салмақта күш сынасқан Михаил Макеев болса, ирандық Киануш Багерикордасуябидан сәл ғана қалыс қалып, 2-орынға табан тіреді. Қазақстандық 271 келіні (122+149) бағындырса, ирандық спортшы 274 келіні (121+153) басынан асыра көтерді. Тимур Хасаров (56 келі) бұл чемпионатта жетінші (98+120=218 келі) орынды қанағат тұтты.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[Ауыр атлетика: Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletika-eki-aza-standy-sportshy-aziya-chempiony-atandy-404977](https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletika-eki-aza-standy-sportshy-aziya-chempiony-atandy-404977)