---
title: "Ауыр атлетика: Алаш елі алтыншы орында"
description: "Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Негізі жастардан жа..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-10-27T23:58:23+00:00"
modified: "2013-10-27T23:58:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletika-alash-eli-altynshy-orynda-381920"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletika-alash-eli-altynshy-orynda-381920/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ауыр атлетика: Алаш елі алтыншы орында

> Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Негізі жастардан жа...

[!\[Алмас Өтешов екінші\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/1391485_609899359053632_775465615_n-300x200.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/10/1391485_609899359053632_775465615_n.jpg)

Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Негізі жастардан жасақталған ұлттық құрамамыз 1 күміс, 1 қола иеленіп жалпыкомандалық алтыншы орынды Әзірбайжан құрамасымен бөлісті.

Біріншіліктің жеңімпазы Ресей, екінші сатыда «әліптің артын баққан» Қытай, ал үшінші Солтүстік Корея. Өзбекстан командасы кішігірім «сенсация» қылды, 1 алтын және 1 қола еншілеген ала шапанды көршілеріміз жалпы есепте төртінші. Жалқы алтынның жалына жармасқан Тайвань бестікке ілінді.

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты елордамыз Астанада өтеді. Аталмыш додада Рио-де-Жанейро олимпиадасының алғашқы жолдамалары сарапқа салынады. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletika-alash-eli-altynshy-orynda-381920](https://yvision.kz/kk/post/auyr-atletika-alash-eli-altynshy-orynda-381920)